Лауазымы, жұмыс, қызмет орны:«С.Сейфуллин атындағы ЖББМ» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Туған жылы мен туған жері: 03.02.1972 жыл. Қарағанды облысы , Жаңаарқа ауданы
Білімі: жоғары, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, филология факультеті
Санаты:жоғары, педагог-зерттеуші
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:жоқ
Жалпы жұмыс өтілі:23 жыл
Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты:
1. Облыстық білім басқармасының Алғыс хаты 2012 жыл
2. ҚР БЖҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Ар ілімі» республикалық жаөспірімдер журналы «Алаш қайраткерлерінің Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы ғылыми мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хаты Алматы 2013
3. Аудандық “Нұр отан” ХДП Алғыс хаты 2013ж.
4. Аудандық білім бөлімінің Мадақтамасы 2016 жыл
5. Облыстық ашық «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалі «Үздік презентация» байқауының «Оқыту сабағы» номинациясы бойынша ІІІ орын иеленгені үшін Диплом 2016
6. Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Түлек-2016» акциясы аясында оқушыларды ҰБТ-ға дайындап, іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Сертификат 2016 жыл
7. «Мектеп ұстаздарының әлемі» республикалық педагогикалық журналы редакциясының Құрмет грамотасы 2017 жыл
8. NIO.KZ Ұлттық Интернет Олимпиада қашықтық олимпиадасына оқушылар дайындағаны үшін Алғыс хат 2017
9. Қарағанды облысының білім басқармасы Х республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасына жеңімпаз оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс хат 2018 жыл
10. Қарағанды облысының білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми –практикалық орталығы ІІІ «CLEVER» облыстық олимпиадасына оқушыны дайындағаны үшін Алғыс хат 2018
11. Жаңаарқа аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Мадақтамасы 2020
Сейфуллина Орынбасар Боранбаевна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Орынбасар өз пәнін жете меңгерген білімді ұстаз.Мұғалім жаңа оқу тәрбие әдістерінен хабардар болып қана қоймай оны шығармашылықпен қолдана біліп, өзінің іс-тәжірибесінде жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Осы мектепте жұмыс жасай жүріп, өз мамандығын сүйе білген ұстаз оқушылар жанынан орын таба білуде. Сабақ процесінде өтілген материалды, жаңа сабақты өмірмен, басқа пәндермен байланыстыра отырып, сабақтың тәрбиелік мақсатына көп көңіл бөледі. Сонымен қатар бірнеше жыл «Жаңартылған мазмұндағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді педагогикалық қауымға таныстыру және талқылау» үшін ұйымдастырылған семинарға қатысты. «Дарын онлайн» білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп ұйымдастырған республикалық пәндік олимпиадасында қазақ тілі пәні бойынша жеңімпаз атанып 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы мектепте жұмыс жасай жүріп, өз мамандығын сүйе білген ұстаз оқушылар жанынан орын таба білуде. Сабақ процесінде өтілген материалды, жаңа сабақты өмірмен, басқа пәндермен байланыстыра отырып, сабақтың тәрбиелік мақсатына көп көңіл бөледі.
Орынбасар Боранбайқызының педагогикалық қызметінің нәтижесін оқушыларының жетістігінен көруге болады. Атап айтатын болсақ,Бақытова Айзат аудандық олимпиадада қазақ тілі пәнінен үздік білім көрсеткені үшін І дәрежелі грамотасымен және осы оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10 сыныптар арасында 3 орын алды. X республикалық Жарқын болашақ қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде Балагазина Ділназ 2 орын, ОҚ ШҒА ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде өткен 2-ші деңгейлі аймақтық байқауда Иманкешова Құралай «Ең жақсы зерттеу жұмысы үшін» мадақтама халықаралық «Ақбота» интеллектуалды марафонына Әбдібек Ислам, Мақсат Ерзат, Ерболат Азиза, Бақтыбайқызы Жаннұр, Қуатбаев Нияз, Серік Сұңқар, Жұмажан Жансерік, Таласбаев Мейіржан IІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Орынбасар Боранбайқызының республикалық қазақ тілі мен әдебиеті журналына М.Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңі тақырыбында және «Көсемшенің түрленуі» тақырыбындағы сабақтары жарияланды. «Өрлеу білім беру атқару орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру иститутының ұйымдастыруымен өткен семинар материалдар жинағына 5-сыныптын әдебиет пәніне арналған Д.Бабатайұлының «О,Ақтан жас, Ақтан жас.» тақырыбына сабақ жоспары жарияланды.
1973 жылы 13-шы желтоқсанда Қарағанды облысы,Тельман ауданы, Ынтымақ селосында дүниеге келген.
1991 жылы Ынтымақ орта мектебін бітірген.
1994 жылы Қарағанды педагогикалық институтының филологиялық факультетін бітірген.
1994 жылы қарағанды қаласындағы №32 орта мектебінде еңбек жолын бастаған.
1996 жылы Шахтинск қаласындағы №5-гимназияда қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі боп еңбек етті.
2001 жылдан бастап Сәкен Сейфуллин ЖОББ мектебінде Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі боп қызмет атқарып жатыр.
Бірінші санатты мұғалім.
1988 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы. Ескене ауылында дүниеге келген.
Ұлты: қазақ
2005жылы Талдыбұлақ орта мектебінің 11 сыныбын бітірген.
2005 жылы Абай атындағы Саран гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне түсіп, 2008 жылы тәмамдаған
2009 жылы Қарағанды қаласындағы « Болашақ» университетіне қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2012 жылы аталған оқу орнын бітірген.
Білімі: Жоғары
2009жылдан бастап Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінеде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.
Санаты: педагог –модератор
Мекен жайы:Қарағанды облысы,Жаңаарқа ауданы,Бала бақсы көшесі,24-ші үй
Жұмыс өтілі:11 жыл.9 ай