Фамилиясы, аты, әкесінің аты:Арунов Марат Ануарович
Туған жылы:09.01.1963
Ұлты:Қазақ
Білімі, мамандығы: Жоғарғы, денешынықтыру пәнінің мұғалімі.
Педагогік стажы:33 жыл
Жұмыс өтілі:33 жыл
Жұмыс орны, атқаратын қызметі:«С.Сейфуллин
атындағы ЖББМ» КММ, денешынықтыру пәні мұғалімі.
Арунов Марат Ануарович дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Марат мұғалім өз пәнін жете меңгерген білімді ұстаз.Мұғалім жаңа оқу тәрбие әдістерінен хабардар болып қана қоймай оны шығармашылықпен қолдана біліп, өзінің іс-тәжірибесінде жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Соның нәтижесінде ҚР Нұр Отан партиясының Алғыс хатымен 2016 ж, Аудан әкімінің Алғыс хаты 2018 ж, Аудандық жарыстан тоғызқұмалақтан 1 орын 2018 ж, «Ең үздік дойбышы» турнирінде 2 орын 2015 ж, Ұлы жеңістің 70 жылдығына байланысты тоғызқұмалақтан 3 орын 2015 ж, Нұр Отан аудандық филиалының марапаты 2016 ж, Аудандық тоғызқұмалақ турнирінде 2 орын 2018 жылы грамотасымен марапатталған. Осы мектепте жұмыс жасай жүріп, өз мамандығын сүйе білген ұстаз оқушылар жанынан орын таба білуде. Сабақ процесінде өткізгенде сабақтың тәрбиелік мақсатына көп көңіл бөледі.
Марат Ануарович педагогикалық қызметінің нәтижесін оқушыларының жетістігінен көруге болады. Атап айтатын болсақ ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген жалпы білім беретін мектеп және мамандандырылған мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан облыстық спартакиада Қасым Айым, Қызбалин Әділжан, Қасымова Гүлім 2 орын 2016 жыл, Тоғызқұмалақтан Қарағанды облысының жастар арасындағы чемпионатындағы Қасым Айым 2017 жыл, Тоғызқұмалақтан Қарағанды облысының командалық чемпионатында Балағазина Ділназ 3 орын 2018 жыл, Республикалық «Sport FEST Kazakhstan» мектеп спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындары тоғызқұмалақ жарысынан Балағазина Ділназ 2 орын 2019 жыл, Дәстүрлік ХV аудандық оқушылар спартакиадасы аясында Дойбыдан өткен жарыста мектеп командасы 1 орын 2015 жыл, XVI аудандық спартакиада Дойбыдан 1 орын 2016 жыл, 22 наурыз мейрамы құрметіне арналып дойбыдан өткен аудандық жарыста Төлеутай Гүлсая 1 орын, Көшкенова Зарина 2 орын 2018 жыл, Дәстүрлі ХV аудандық оқушылар спартакиадасы аясында Тоғызқұмалақтан өткен жарыста командалық 1 орын 2015 жыл, Дәстүрлі XVI оқушылар спартакиадасында Тоғызқұмалақтан командалық 1 орын 2016 жыл, Дәстүрлі XVII аудандық оқушылар арасындағы спартакиада тоғызқұмалақтан командалық 1 орын 2018 жыл, ХІХ спартакиада аясында Тоғызқұмалақтан командалық 1 орын 2019 жыл, 30 тамыз ҚР Конституция күніне арналып өткізілген жеңіл тактикалық кроста Д.Байтұрсынов 1 орын 2018 жыл, 1 мамыр «Қазақстан халқының бірлік күні» мерекесіне арналған Тоғызқұмалақ жарыстан Балағазина Ділназ 1 орын 2019 жыл, Тоғызқұмалақтан 2007-2008 жылғы туғандар арасында өткен аудандық біріншілікте Бабажан Анель 1 орын 2017 жыл, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған Тоғызқұмалақтан жекелей чемпионатта Балағазина Ділназ 1 орын 2018 жыл, Жаңаарқа ауданының жекелей біріншілігінде Тоғызқұмалақтан Бабажан Аружан 2 орын, Қасым Нұрай 3 орын 2017 жыл, Аудандық дәстүрлі оқушылар спартакиадасы аясында өткізілген Дойбы жарысында мектеп командасы 3 орын иеленді 2020 жыл, Асық атудан өткізілген аудандық жарыста Жаманов Нариман 2 орын 2018 жыл, Тоғызқұмалақтан өткен аудан біріншілігінде Аукеев Данияр 2 орын 2018 жыл, Футбол жарысында Боранқұл Мадияр 3 орын 2019 жыл, Футболдан облыстық спартакиада аясында Искакова Айым 2 орын 2018 жыл грамотасымен марапатталған.
Орталық Қазақстан, Егемен Қазақстан, Жаңаарқа газеттеріндегі және журналдардағы мақалалары жарық көрді.
Арунов Марат Ануарович оқушыларға білім беру мен тәрбие беруде жауапкершілігі мол және елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жүкті арқалай отырып, қоғам алдындағы зор жауапкершіліктің жүктелгенін бүгінде нақты сезінген ұстаз деп білеміз.