/?php die('Сайт отключен');?>
Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Мектеп 1953 жылы алғаш рет темір жол бойындағы № 69 орыс мектебінен №175 жеті жылдық қазақ мектебі болып бөлініп шықты. 1954 – 1955 жылдары орталау мектеп. 1957 жылы орта мектеп болып, алғашқы 22 оқушы орта білім туралы аттестат алды. 1957 жылдан 1964 жылға дейін №161 қазақ орта мектебі. 1964 – 1965 оқу жылынан бастап Сәкен Сейфуллин есімі берілді. Мектеп ғимаратының ірге тасы 1954 жылы қаланған.
Мектеп директорлары:
1. Жұмаділдин Асан – 1954-1959
2. Садықбеков Жанпейіс – 1959-1976
3. Өскенбекова Күләш – 1976-1981
4. Байжұманова Ғайша – 1981-1982
5. Кенжеғұлов Түркен – 1982-1986
6. Хасенова Несіпгүл – 1986-1996
7. Смагулов Бауыржан – 1996-2005
8. Мажитова Гүлнар – 2005-2008
9. Аманбаев Мейірхан – 2008-2011
10. Рахимов Рсқали – 2011-2015
11. Тұрғынбеков Айтқожа – 2015-2022
13. Рахимов Рсқали – 2022 дан бастап
Мектеп Ұлы Отан соғысының ардагерлері: Имашев Мұқажан, Балмағанбетов Хамит жас жеткіншектерді тәрбиелеуде өз үлестерін қосты. Мектеп тарихында өшпес із қалдырған ұстаздар: Кәрім Мектепбаев, Унзилә Жұмағулова, Шәйза Әлмішев, Рымбала Смайлова, Еркін Игенберлин, Зарлық Сұлтанов, Кәрібай Үсенбаев, Иманәлі Жахамбетов, Төлеухан Көшкінбаев, Жұмабай Балмағанбетов, Мешітбай Алдабергенов, Мұса Тайтолеуов, Амангелді Әбжанов, Аман Мұхтарова, Жабайгүл Көпбаева, Гүлзада Ерденова, Төкен Салықов, Қалдыгүл Байболова, Қаламқас Сембекова, Ермекгүл Хамитова, ДәметкенАқыжанова.
Мектеп ғимаратының ірге тасы 1954 жылы қаланған
Орындық саны: 320
Оқушылар саны: 261
Сынып-комплект саны: 15
Әдістемелік пән бірлестігі: 7
Мұғалім саны: 34
Жоғарғы білімді: 28
Арнаулы орта: 6
Жоғарғы санатты мұғалім: 8
І санатты мұғалім: 18
ІІ санатты мұғалім: 6
Пән кабинеттерінің саны: 14
Мектепте сабақ екі кезекте оқытылады: ІІ
Мектептің басым мақсаты:
«Қазіргі жаңарған Қазақстан қоғамының жағдайында дені сау, интеллектуалды дамыған рухани ойлау дәрежесі биік, шығармашылық қабілеті жоғары, әлеуметтік ортаға бейімделуге икемді оқушы тұлғасын қалыптастыру»