Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Тамақтану

С. Сейфуллин атындағы ЖББ мектебі

Мектеп асханасының жұмысы, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы.

   1-4 сыныптардан 111 оқушы, аз қамтылған  49 оқушы мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Онын ішінде 4 оқушы аз қамтылған, 45 оқушы көп балалы отбасынан. Оқушылардың тамақтану кезеңінде асханада әлеуметтік педагог және сынып жетекшілері жауапты болды. Күн сайын мектеп медбикесі асхана мәзірін тексеріп, балалардың тамақтануын бақылап отырады. Асханадан берілетін ыстық тамақтың сапалығын, гигиеналық талаптарын бақылау үшін арнайы комиссия құрылды. 

   Тамақтану екі аусымда  екінші, үшінші, төртінші сабақтан кейін кезекші мұғалімдер  мен  сынып жетекшілерінің көмегімен жүзеге асырылады. Мектепте жұмыс жасап  отырған асхана санитарлық ережеге талабына  сәйкес жабдықталған, технологиялық құралдармен, тамақ пісіретін қажетті электр плиталары, ыдыс аяқтары және тоңазытқыштармен қамтылған. Асхананың материалдық -техникалық базасы жақсы деңгейде. Қойма бөлмесі, мұздатқыш жұмыс жасап тұр.  Тамақ асханада дайындалады.  Асханада 1аспазшы,1 маман қызмет етеді. Екі  аспаздын  да кәсіптік білімдері бар. Жасөспірімдердің тамақ нәрлігі мен құрамы талапқа сай болуы үнемі басты назарда. Асханада ас мәзірі  орны белгіленіп, күнделікті берілетін дәруменді тамақтар мен жеміс жидектерден ауысып келіп отырылуын мектеп әкімшілігі басшылыққа ұстайды. Экологиялық таза сумен қамтылған. Бұйрықтар шығарылып , ыстық тамақпен қамтылған оқушылар тізімі алынып, кестесі жасақталды.

  Білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасына  мониторинг жургізу  жаднаманы көру үшін сілтемені басыныз.

 

https://zhanaarka.goo.kz/loader/fromorg/15/243