Размер шрифта:
↑Наверх
п. Атасу, ул. Абая, 23
5-06-67, 2-64-34
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 409
Плохо - 93
Хорошо - 55
Так себе - 50
Затрудняюсь ответить - 47
Всего проголосовало: 654
Смотреть результат
Статистика посещений
Мектептің Ұлан басын сайлау
23-11-2018 09:55
Мектептің Ұлан басын сайлау

 "С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ" КММ тәлімгері А.А.Туменбаева 16 қазан күні мектепте кезекті  "Ұлан басы"  сайлауын өткізді. Сайлау алдында екі жұма бұрын 8,9,10 сыныптардан 5 оқушы өзін ұлан басына ұсынды.

1. Бабажан А. - 8 сынып екпіндісі

2.Бақытова А. - 9 сынып үздігі

3.Балағазина Д. -9 сынып үздігі

4.Махатов С. - 9 сынып екпіндісі

5. Еділбай Н. - 10 сынып үздігі. 

Сайлау І,ІІ,ІІІ кезеңнен тұрды. І кезеңде үміткерлер өзінің түйіндемесін тапсырып, 10 сұрақтан тұратын тестке жауап берді. Бұл кезеңнен 3 үміткер озып шығып ІІ кезеңге жолдама алды. ІІ кезеңде үміткерлер үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. ІІІ кезең сайлауға 1 күн қалғанда өтті. Бұл кезеңде үміткерлер "Болашақтың мектебі" тақырыбында өз мектебін болашақта қалай көретінін презентациалармен көрсетіп, "Егер мен мектептің ұлан басы болсам, мен не істер едім..."  атты бағдарламасымен таныстырды. Аталған үш кезеңнен өткен үміткерлерге 1 –11 сынып оқушылары және мұғалімдер дауыс берді. Дауыс беру 16.11.2018 ж. сағат 09:00-ден 15:00 аралығында жүрді. Соңғы дауыс берілген соң, комиссия мүшелерінің, сарапшылардың және тәуелсіз өкілдердің қатысуымен, сайлау жәшігі ашылып, дауыс саны есептелді. Дауыс беру қорытындысы бойынша 102 дауыс жинаған 10 сынып оқушысы Еділбай Назым ұлан басы болды.Мектептің саптық жиынында "Ұлан басы" үміткерлеріне қанша дауыс жинағандары айтылды.