"Ата-ананың ыстық алақаны - балаға сая бақ"

Бүгін, яғни 25.01.2023 ж күні мектебіміздің 7 "А" - сыныбының ата-аналарына сынып жетекшісі Шакенов Ж.Т. жиналыс ашты. Жиналыстың басында мектеп педагог-психологы Шакенов А.Т. ата-аналарға "Ата-ананың ыстық алақаны - балаға сая бақ" тақырыбында тренинг өткізді. Ата- аналар тренингке белсене қатысты. Слайд көрсетіліп әр түрлі қызықты тренингтік жаттығулар жүргізілді. Ата-аналар екі топқа бөлініп, ситуаиялық сұрақтарға жауап беріп, "Шаңырақ", "Бақытты бала, бақытты ағаш" тақырыптарында постер қорғады. Тренинг қызықты да, тартымды болып өтті.