п. Атасу, ул. Абая, 23
5-06-67, 2-64-34
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 460
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 721
Смотреть результат
Статистика посещений
"Бала құқығы - адам құқығы"
17-11-2022 09:14

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Бала құқығы - адам құқығы" атты он күндік аясында мектеп педагог-психологтары Шакенов Айбол Төлеубайұлы мен Туткушева Д.С. "Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел" ата-аналармен кездесу, дөңгелек үстел, тренингтер өткізді. Кездесу басында мектеп директоры Р.С. Рахимов сөз сөйледі, жалпы балалардың құқықтары мен міндеттері, ата-ана, оқушы, мектеп, үштік одақтың бірлесіп жұмыс істеуі, оқушыларға ең бірінші тәрбиелі болуы керектігі және де т.б. білім алу үрдісі кезінде қолданылатын тәрбие тәсілдерін айтып, кездесудің тақырыбын ашып берді. Кездесуде мектеп педагог-психологы Шакенов Айбол Төлеубайұлы ата-аналарға қызықты тренингтер өткізді. Атап айтсақ: "Сәлемдесу" тренингі, "Жұбынды тап" тренингі, "Ащы, тұщы, тәтті" тренингтерін өткізді. Ата-аналардың көңілдері көтеріліп, қызықты да, тартымды болды. Мектеп педагог-психологы Туткушева Д.С. ата-аналарға сұрақ-жауап арқылы ашық әңгіме жүргізді. Ата-аналарға баланызды жақсы көретін бес сөз, бес сөйлем, қолдайтын бес сөз деп сұрақ қойып ата-аналардан жеке-жеке жауап алды. Тренинг соныңда талдау жасалды. Мектеп педагог-психологы Шакенов А.Т. ата-аналарға "Ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынастың картасы" атты слайд көрсетіп, оны түсіндіріп берді. Тренингтің аяғында кездесуге келген барлық ата-ананы ортаға шығарып, шеңбер құрып, "Күн шуақты алаңқай" атты тренингімізді жүргіздік. Ата -аналар тренингтен алған әсерлерін ортаға салып, бір-бір тілектен айтып шықты. Ата-аналардың көбісінің айтуынша ата-аналарға тренингіміз өте қатты ұнаған, осындай жиналыс, кездесу тренингтері бола берсе екен деп, өздерінің балаға деген, отбасыға деген, мектепке деген ыстық тілектерімен бөлісті. Ата-аналарға мектеп әкімшілігі мен мектеп педагог-психологтары Шакенов А.Т. мен Туткушева Д.С. ризашылықтар мен алғыстарын білдірді.