п. Атасу, ул. Абая, 23
5-06-67, 2-64-34
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 409
Плохо - 93
Хорошо - 55
Так себе - 50
Затрудняюсь ответить - 47
Всего проголосовало: 654
Смотреть результат
Статистика посещений
"Қыз өссе елдің көркі' атты сайыс өтті
07-10-2021 12:14
2021 жылы қазан айының 07 күні "С.Сейфуллин атындағы ЖББМ" мектебінде қыздар апталығы аясында 9,10 сынып қыздарының арасында көркем еңбек пәнінің мұғалімі А.А.Туменбаеваның ұйымдастыруымен"Қыз өссе елдің көркі' атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: қыздарымызды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылыққа, инабаттылықпен ізгілікке және ісмерлікке тәрбиелеп, жан-жақты білімді болуға және табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу болды. Сайыс 3 кезеңнен құралды:
1) Сұрақ жауап (салт-дәстүр)
2) Кім епті? (Тігін өнері)
3) Қыз сұлу көрінер өнерімен(нан жаю)
Осы іс-шараға 6 оқушы қыз балалар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Аталған іс-шараның арнайы қонағы ретінде ауданымыздың аналар алқасыны төрайымы Сәулеғаным Ернарқызы қатысты. Сәулеғаным Ернарқызы өзі оқушыларға әділ бағасын беріп, жеңімпаз оқушыларымызды анықтап, мақтау қағазымен және арнайы сыйлықпен марапаттады. Сайыс жоғары деңгейде өтті.