2017 жылдың 11 желтоқсан айы мен 15 желтоқсан айы аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған мектепішілік іс-шаралар жоспары жасалды. 11 желтоқсанда 1-11-сыныптар аралығында «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Жиынды мектеп директоры Турғынбеков Айтқожа Жексембекович ашты. Салтанатты жиынға жауапты- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі Ускембаева Жүбайла Адамовна және 5 «Б» сынып жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Картаева Айдана Нұрланқызы болды. Мектеп кітапханашысы Аханова Толқын Ермекқызы «Алаш қозғалысы –Тәуелсіздік жаршысы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Картаева Айдана Нұрланқызы «Тарих рухани ізгілікке үйретеді» атты стенд жасады.
Тұғыры биік Тәуелсіздік!