Биыл еліміз үшін, ауданымыз үшін ерекше мерейлі жыл. Себебі, биыл «Жастар жылы», ақиық ақын, дарынды драматург, халқының ұмытылмас тұлғасы С. Сейфуллин бабамыздың 125 жылдық мерейтойы, шырайлы туған жеріміз Жаңаарқа ауданының 90 жылдық торқалы тойы. Еліміз үшін маңызы зор бұл мерекелерге арналып түрлі шаралар атқарылуда.
Дегенмен, көңілімізге қуаныш сыйлаған ерекше бір шара 10-шы қыркүйек күні таңғы сағат 06:00-де ағылшын тілінің аудармашы - оқытушысы, модератор, мотиватор, спортшы, Ернат Мелісұлы бастаған топтың Қарағанды қаласынан шыққан велошеруі болды. Велошеру 11 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында ауданымызғада келіп жетті.
Велошерушілерді қолдап, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі ұйымдастыруы мен велошеруге С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қасым Аслан бастаған бір топ оқушылар Қарағанды қаласынан кіре берісте салтанатты түрде қарсы алды. Жастарымызға үлгі болып, туған жерімізге көрсеткен құрметтері үшін келген қонақтарымызғада ризашылығымызды білдіріп, қуанышқа бөлендік.
Қарағанды-Жаңаарқа велошеруі