Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы
"Ақселеу Сейдімбек атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
І Мектеп тарихы
Мектеп 1980 жылғы №324 Жаңаарқа аудандық халық депутаттары атқару комитетінің шешімімен орыс тілінде оқытылатын мектеп ашылды. Алғашқыда Жаңаарқа орта мектебі деп аталды. Мектептің алғашқы директоры болып Ғабдімәлік Әлжаппаров тағайындалды. Оқушы саны -494 бала болып бекітілді. 1981 жылы Ю.А.Гагариннің есімі берілді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен (21.12.2020ж.№857) Қарағанды облысындағы 18 білім беру ұйымдары мен 1 мәдени нысанға көрнекті тұлғалардың есімі берілді. 2021 жылы мектеп ашылғанына 40 жыл толуына байланысты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы қаулысы бойынша Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа білім бөлімінің "Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Ақселеу Сейдімбек атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.