Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Ә. Оспанова көшесі 36
2-70-91, 2-67-02, 26059
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
А.Сейдімбек атындағы ЖББМ
30-03-2023 11:00
А.Сейдімбек атындағы ЖББМ

Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы 

"Ақселеу Сейдімбек атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

І Мектеп тарихы       

Мектеп 1980 жылғы №324 Жаңаарқа аудандық халық депутаттары атқару комитетінің шешімімен орыс тілінде оқытылатын мектеп ашылды. Алғашқыда Жаңаарқа орта мектебі деп аталды. Мектептің алғашқы директоры болып Ғабдімәлік Әлжаппаров тағайындалды. Оқушы саны -494 бала болып бекітілді. 1981 жылы Ю.А.Гагариннің есімі берілді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен (21.12.2020ж.№857) Қарағанды облысындағы 18 білім беру ұйымдары мен 1 мәдени нысанға көрнекті тұлғалардың есімі берілді. 2021 жылы мектеп ашылғанына 40 жыл толуына байланысты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы қаулысы бойынша Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа білім бөлімінің "Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Ақселеу Сейдімбек атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды. 

Мектеп директоры: Кайырова Бакыт Аманбаевна, педагог- сарапшы информатика пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 25 жыл

Жалпы мектепте: 250 оқушы бар және 16 бала даярлық тобында оқып отыр

Сынып комплектісі- 12

Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді

«Ақселеу Сейдімбек атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі типтік жобамен 340 балаға арналған, екі қабатты ғимаратта орналасқан. Мектеп ғимаратының жалпы ауданы 2140, жұмыс алаңы 1515 шаршы метр. Мектепте 12 сынып бөлмесі бар, сонымен қатар:

  • 80 орындық жиын залы бар

  • 60 орындық асхана

  • 1 мұғалімдер бөлмесі

  • 2 медициналық бөлме

  • 1 мектеп мұражайы

  • 2 компьютерлік кабинет

  • 1 үй тұрмысын оқыту кабинеті

  • 1 шеберхана /құрал-саймандар толық емес/

  • Алғашқы әскери дайындық кабинеті /Айбат сыныбы/

  • Кітапхана /Оқулықтар 10522, ғылыми-көркем әдебиет пен әдістемелік құрал 7612/

Мектептің мақсаты:

1. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге қолдау көрсету арқылы білім алушылардың білім сапасын арттыру 

2. Мұғалім, ата-ана, оқушы үштігін нығайту арқылы бірыңғай тәрбиелік көзқарасты қалыптастыру.

Мектептің міндеттері:

-Білімді өздігінен алу дағдысын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

-Инновациялық үздік технологиялық әдіс-тәсілдерді білім мен тәрбие жұмыстарына енгізу;

-Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, рухани дүниесі бай тұлға қалыптастыру;

-Жетекші университеттердің ғылыми және білім беру әлеуетін неғұрлым белсенді пайдалану есебінен педагогтар білімінің сапалы деңгейін арттыру.

-Оқушылардың заманауи ақпараттық ресурстарға, қосымша тілдер үйрену, еркін сөйлеуге қол жеткізуін қамтамасыз ету

-Әрбір оқушыны табысты оқытуға қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмысты жетілдіру

 

Жалпы педагогтар саны 30, оның ішінде 28 (93,4 %) мұғалім жоғары білімді, 2 ( 6,6%)  арнаулы орта білімді.