Атасу кенті, Ә.Оспанова көшесі, 36
2-70-91, 2-67-02, 26059
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 341
жаман - 81
жақсы - 52
жай ғана - 47
жауап беруге қиналамын - 44
Барлығы дауыс берді: 565
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы

А.Сейдембек

                        

           

 

           Мектеп Әлкен Оспанова көшесінде ІІ қабатты ғимаратта орналасқан. 1980 жылғы №324 Жаңаарқа аудандық халық депутаттары атқару комитетінің шешімімен орыс тілінде оқытылатын мектеп болып ашылды. Алғашқыда Жаңаарқа орта мектебі деп аталды. Мектептің алғашқы директоры болып Ғабдімәлік Әлжаппаров тағайындалды.Оқушы саны  494 бала болып бекітілді.

1981 жылы Ю.А.Гагариннің космосқа ұшуының 20 жылдығының құрметіне мектепке ұшқыш-космонавт Юрий Алексеевич Гагарин есімі берілді.  Мектеп тарихында өздерінің қажырлы еңбектерімен әр жылдардағы мектеп директорлары болып  Ижанов Б.И., Графова А.И., Қуанышбеков Е.З., Қарабаев А.Қ., Ибраева Ж.Е еңбек етсе, 2019 жылдан бастап Ташимбаева Б.А мектеп басшысы  қызметін атқарып келеді.

1980 ж.- орыс мектебі

1981 ж.-  Мектепке Ю.А.Гагарин  аты берілді.

1990-1999 жж. - Аралас орыс-қазақ мектебі.

1999-2000 оқу жылынан бастап  -  Қазақ мектебі

2012ж. 11.03 -Мектептің Мемлекеттік лицензиясы/ Қарағанды облыстық білім  департаменті/  Мектеп мәртебесі берілді.

Мектеп  іс-әрекеттерінде  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің   Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 09.01  № 359 қаулысымен бекітілген  Жарғысын басшылыққа  алады.

5.05.2008ж  медициналық қызметпен айналысуға «Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

01.03.2011 ж. бастап мектеп "А. Сейдімбек атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді

 

Ұйымдастыру құрылымы:

Бірінші буын - бастауыш мектеп

Екінші буын - негізгі мектеп

Үшінші буын - орта мектеп

Мектепте пәндердің бөліну бағытына сәйкес   арнайы жоспар бойынша 6 пән бірлестігі жұмыс жасайды:

«Алгорифм»- математика, физика, информатика, экономика,

«Шамшырақ» -қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі,

«Көкжиек»- география, биология, химия,

«Сергек»- дене тәрбиесі, АӘД,

«Өнер» - тарих, музыка, технология, өзін-өзі тану,

«Жігер»- бастауыш сыныптар.

Қазіргі таңда мектепте жалпы оқушы саны - 304 бала. ІІ ауысымда жұмыс жүргізіледі. Мектеп қазақ тілінде дәріс береді. Мектепте 45 мұғалім дәріс береді. Оның ішінде  41 жоғары білімді, 4 арнаулы орта білімді мұғалімдер.

12 мұғалім - жоғары деңгейлі, жоғары санаттағы біліктілік маман

14 мұғалім –І  санатты

12 мұғалім - ІІ санатты. 

Мектепте сабақ екі ауысымда оқытылады.

 

Мектептің басты мақсаты: 

Нәтижеге бағытталған білім бере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру.

 

Міндеттері:

  1. ҚР бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының орындалуын қадағалау
  2. Пәндер бойынша білім сапасының терең болуын талап ету, ықпал жасау
  3. Оқушылар денсаулығы мен білімін, шығармашылығын қалыптастыру
  4. Оқушы бойына қалыптасқан білім, біліктілікті дамытуға көмек көрсетіп, бағыт, бағдар беру
  5. МАБ –қа ҰБТ –ке дайындықты күшейту
  6. Ақпараттық технологияларды қолдана білуге даярлау
  7. Жаңа технология негізінде мұғалімнің шығармашылық қызметінің тәжірибесін қалыптастыру, педагогикалық шеберлігін дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйым жаңалықтары