1987 жылы 18 қарашада Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылында дүниеге келген. 1994 жылы О.Әлібаев атындағы орта мектептің табалдырығын аттаған. 2005 жылы осы мектептің 11 сыныбын аяқтады. Қарағанды Мемлекеттік Университетін информатика факультетін бітіріп, О.Әлібаев атындағы орта мектепте информатика пәні мұғалімі болып, жемісті еңбек етіп келеді. Осы жылдан бері ұстаз өзінің еңбек жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
-
«Өрлеу» БАҰО-ың үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатын иеленген.
-
Назарбаев Университеті оқытқан Ағылшын тілінен А1, А2, В1, В2, CLIL сертификаттарын иеленген.
-
Магниттік мектептер арасында өткен аудандық «Көп тілді меңгерген мұғалім» сайысында «Ізденімпаз ұстаз» номинациясы бойынша АББ-нің Дипломымен марапатталған.
-
Мектебімізде өткен «Білім мазмұнын жаңартудағы оң өзгерістер» тақырыбындағы деңгейлік курс оқып келген ұстаздар арасында аудандық семинарда 8-сыныпта информатика пәнін ағылшын тілінде «Creating an algorithm» тақырыбында ашық сабағын өте жоғары деңгейде өткізді. Осы ашық сабағы аудандық деңгейлік курс оқып келген ұстаздар энциклопедиясына жинақ болып енгізілді.
-
Жаңартылған орта білім мазмұны информатика пәні бойынша сертификатын иеленген.
-
Аудандық информатика пәні олимпиадасынан 9-сынып оқушысы Мухамедиева Мадина 2-орын алды.
-
КIО республикалық пән мұғалімдерінің интернет олимпиадасына қатысып, ІІІ орын және II орынды иеленіп, грамотамен марапатталған.
-
Үшітілділік бойынша информатика пәнінен «Spreadsheets» тақырыбында 8 «ә» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа Қарағанды қаласынан ментор келіп қатысып жоғары баға беріп кетті.
-
I Республикалық “Кемеңгер ұстаз” олимпиадасының ІІ дәрежелі жүлдегері диплом алды.
-
vpo.kz сайты ұйымдастырған мұғалімдер арасындағы республикалық виртуалды олимпиададан I дәрежелі дипломды иеленді.
-
«Білім сапасы: Қолайлы жағдайдан – тиімді нәтижеге» тақырыбында өткізілген Тамыз кеңесінде өз тәжірибесімен бөліскені үшін АББ-нің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.
2021 жылы қараша айында Ұлттық Біліктілік Тестілеуден сәтті өтіп, педагог – модератор біліктілік санатына ие болды. Аликаримов Сержан еселі еңбегінің нәтижесінде оқушылардың информатикаға деген қызығушылықтары өте жоғары. Өнегелі, көп балалы отбасынан шыққан Сержан жары Гүлжанат екеуі 1 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған жас отбасы.