Ш. Ералиев ауылдық окргі
8710592-95-16, 29-610
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Әкімшілік
Мамина Алма Ибратаевна - директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Мамина Алма Ибратаевна - директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Білімі: жоғары. 1998-2002 жылдар – ЖезУ, «Информатик»  мамандығы; 2007-2011 жылдар – АЭСА, «Экономика және бизнес» бакалавры. Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі: 19 жыл. Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы Қарағанды қаржы институтынан (бүгінгі таңда Қарағанды банк колледжі) бастаған. 2002-2009 жылдарда аталған білім ордасында оқытушы, институт жанынан ашылған Бағдарлы лицейдің оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2010 жылдың 1 қыркүйегінен Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы «О.Әлібаев атындағы ЖББМ» КММде еңбек жолын жалғастыруда. 2021 жылдың 1 қыркүйегінен директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Жаңашыл, өзіне талап қоя білетін табысты мұғалім, мектеп басшысы ретінде Алма Ибратаевна үнемі білімін жетілдіріп, ізденісте жүреді, атап айтсақ:

  • 2013 жылдың сәуір-маусым аралығында Қарағанды қаласында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша оқыту курстарын аяқтады;
  • 2017 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтады;
  • 2019 жылы Қарағанды қаласында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтады.
  • 2021 жылы Қарағанды қаласында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ұйымдастырған «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы басқарушылық қызмет және менеджмент» тақырыбында 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтті.
  • 2021 жылы қараша айының 29 күні Ұлттық Біліктілік Тестілеуден сәтті өтіп, педагог – сарапшы біліктілік санатына ие болды.

Алма Ибратаевна  – жаңашыл ұстаз, жанашыр әріптес.. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуге, өз мамандығы бойынша ізденуге, озық үлгідегі іс-тәжірибелердің тиімдісін ала білуге үйретуден еш жалыққан емес.