Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 47
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 651
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Все
Базылова Айгүл Дүйсембайқызы
Базылова Айгүл Дүйсембайқызы

«С.Сейфуллин  атыңдағы  ЖББМ» КММ,информатика пәні мұғалімі

20.02.1983 жыл.Қарағанды облысы   Жаңаарқа ауданы

С.Сейфуллин ауылы

Білімі:жоғары,Жезқазған  қ. Ө.А.Байқоныров  атыңдағы Университеті,Физика-Информатика  пәні мұғалім

1.     Сертификат  ІІІ орын  «Наурыз » мерекесіне белсене қатысқаны үшін

Жастар мен балалар иновациялар мен  жоғары технологияларға  қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген

2.     «Үздік сынып жетекшісі» номинациясы  2019-2020 оқу жылы қорытындысы бойынша І –орын

3.     Диплом   І  дәрежелі  Үздік педагогикалық мақалалар атты республикалық конкурс

4.     2019- жылдың қаңтар айында «Intolip.kz»- оқу әдістемелік орталығының қолдауымен Республикалық педагог мамаңдар арасындағы өткізілген «Үздік мақала» байқауы,ДИПЛОМ  І дәрежелі.

5.     Сертификат ,Үздік мақала «Мектеп ұстаздар әлемі»

 

Мекен-жайы:Қарағанды облысы ,Жаңаарқа ауданы,  Шон-би 7 үй

Жалпы еңбек өтілі:16  жыл

Саладағы жқұмыс өтілі:16 жыл

Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 16 ж

Айгүл  Дүйсембайқызы педагогикалық қызыметі нәтижесін оқушылары жетісітігінен байқауға болады.Атап айтсақ  Абишова Диана  10 «б» сынып  оқушысы аудандық пән  олимпиадасы  жүлделі ІІ орынмен марапатталды, 6 «А» сыныбы оқушысы  Бақтыбайқызы Жаннұр  аудандық «Бір отбасы-бір кітап» акциясына қатысып жүлделі  ІІІ орынмен марапатталды.2019-2020 жыл  аудандық пән олимпиадасы Абишова Диана  ІІІ орынмен марапатталды.

Арунов Марат Ануарович
Арунов  Марат Ануарович

Фамилиясы, аты, әкесінің аты:Арунов  Марат Ануарович

Туған жылы:09.01.1963

Ұлты:Қазақ

Білімі, мамандығы:  Жоғарғы,  денешынықтыру  пәнінің  мұғалімі.

Педагогік стажы:33 жыл

Жұмыс өтілі:33 жыл

                             Жұмыс орны, атқаратын қызметі:«С.Сейфуллин  

                              атындағы  ЖББМ» КММ, денешынықтыру  пәні мұғалімі.   

         Арунов  Марат Ануарович дене шынықтыру  пәнінің  мұғалімі   болып қызмет атқарады. Марат  мұғалім  өз пәнін  жете меңгерген білімді ұстаз.Мұғалім жаңа оқу тәрбие әдістерінен хабардар болып қана қоймай оны шығармашылықпен қолдана біліп, өзінің іс-тәжірибесінде жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Соның нәтижесінде  ҚР Нұр Отан  партиясының  Алғыс хатымен 2016 ж,  Аудан  әкімінің Алғыс хаты 2018 ж, Аудандық жарыстан тоғызқұмалақтан 1 орын  2018 ж, «Ең үздік дойбышы» турнирінде 2 орын 2015 ж, Ұлы жеңістің 70 жылдығына байланысты тоғызқұмалақтан 3 орын 2015 ж, Нұр Отан аудандық филиалының марапаты 2016 ж, Аудандық  тоғызқұмалақ турнирінде  2 орын 2018 жылы грамотасымен  марапатталған. Осы мектепте жұмыс жасай жүріп, өз мамандығын сүйе білген ұстаз оқушылар жанынан орын таба білуде. Сабақ процесінде өткізгенде  сабақтың тәрбиелік мақсатына көп көңіл бөледі.

       Марат Ануарович    педагогикалық қызметінің нәтижесін оқушыларының жетістігінен көруге болады. Атап айтатын болсақ  ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген жалпы білім беретін мектеп және мамандандырылған мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан облыстық спартакиада Қасым Айым, Қызбалин Әділжан, Қасымова  Гүлім  2 орын 2016 жыл, Тоғызқұмалақтан   Қарағанды  облысының жастар арасындағы чемпионатындағы Қасым Айым 2017 жыл, Тоғызқұмалақтан Қарағанды облысының командалық чемпионатында Балағазина Ділназ 3 орын 2018 жыл, Республикалық «Sport  FEST  Kazakhstan» мектеп спартакиадасының аймақтық  іріктеу ойындары тоғызқұмалақ жарысынан Балағазина Ділназ 2 орын 2019 жыл, Дәстүрлік  ХV аудандық оқушылар спартакиадасы аясында Дойбыдан өткен жарыста мектеп командасы 1 орын 2015 жыл, XVI  аудандық спартакиада Дойбыдан 1 орын 2016 жыл, 22 наурыз мейрамы құрметіне арналып дойбыдан өткен аудандық жарыста Төлеутай Гүлсая 1 орын, Көшкенова Зарина  2 орын  2018 жыл,  Дәстүрлі ХV аудандық оқушылар спартакиадасы  аясында Тоғызқұмалақтан өткен жарыста командалық 1 орын 2015 жыл, Дәстүрлі XVI оқушылар спартакиадасында Тоғызқұмалақтан  командалық 1 орын 2016 жыл, Дәстүрлі XVII аудандық оқушылар арасындағы спартакиада тоғызқұмалақтан командалық 1 орын 2018 жыл, ХІХ спартакиада аясында  Тоғызқұмалақтан командалық 1 орын 2019 жыл, 30 тамыз ҚР Конституция күніне арналып өткізілген жеңіл тактикалық кроста Д.Байтұрсынов 1 орын 2018 жыл, 1 мамыр «Қазақстан халқының бірлік күні» мерекесіне арналған Тоғызқұмалақ жарыстан  Балағазина  Ділназ  1 орын  2019 жыл,  Тоғызқұмалақтан  2007-2008 жылғы туғандар арасында өткен аудандық біріншілікте  Бабажан Анель 1 орын 2017 жыл, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған Тоғызқұмалақтан жекелей чемпионатта Балағазина Ділназ 1 орын  2018 жыл, Жаңаарқа ауданының жекелей біріншілігінде  Тоғызқұмалақтан Бабажан Аружан 2 орын, Қасым Нұрай 3 орын 2017 жыл, Аудандық дәстүрлі оқушылар спартакиадасы аясында өткізілген Дойбы жарысында мектеп командасы 3 орын иеленді 2020 жыл, Асық атудан өткізілген аудандық жарыста Жаманов  Нариман 2 орын 2018 жыл, Тоғызқұмалақтан өткен аудан біріншілігінде  Аукеев  Данияр  2 орын 2018 жыл,  Футбол  жарысында Боранқұл Мадияр 3 орын 2019  жыл, Футболдан облыстық  спартакиада аясында Искакова Айым 2 орын 2018 жыл грамотасымен марапатталған.     

         Орталық Қазақстан, Егемен Қазақстан, Жаңаарқа газеттеріндегі және журналдардағы мақалалары жарық көрді.

          Арунов Марат Ануарович оқушыларға білім беру мен тәрбие беруде жауапкершілігі мол  және елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жүкті арқалай отырып, қоғам алдындағы зор жауапкершіліктің жүктелгенін бүгінде нақты сезінген ұстаз деп білеміз.  

Сарина Лазипа Карибаевна
Сарина Лазипа Карибаевна

1973 жылы 13-шы желтоқсанда Қарағанды облысы,Тельман ауданы, Ынтымақ селосында дүниеге келген.

1991 жылы Ынтымақ орта мектебін бітірген.

1994 жылы Қарағанды педагогикалық институтының филологиялық факультетін бітірген.

1994 жылы қарағанды қаласындағы №32 орта мектебінде еңбек жолын бастаған.

1996 жылы Шахтинск қаласындағы №5-гимназияда қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі  боп еңбек етті.

2001 жылдан бастап Сәкен Сейфуллин ЖОББ мектебінде Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі боп қызмет атқарып жатыр.

Бірінші санатты  мұғалім.

МАНАНБАЕВА САЙРАНГҮЛ СҰЛТАНҚЫЗЫ
МАНАНБАЕВА САЙРАНГҮЛ  СҰЛТАНҚЫЗЫ

1991 жылы 16 желтоқсанда Алтай аймағы, Қобда ауданында дүниеге келген.

2009 жылы №2 Аршалы орта мектебін бітірген.

2013 жылы Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті, әлеуметтік-педагогикалық  факультеті, «дефектология» мамандығын бітірген.

2014 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданының ішкі істер бөлімінде еңбек жолын бастаған.

2015 жылы Астана қаласындағы «Қасиетті жол» оңалту орталығында дефектолог-логопед  боп қызмет атқарды.

2020 жылдан бастап С.Сейфуллин ат. ЖББМ логопед-мұғалімі боп қызмет атқарып жатыр.

Жумасеитова Гульжазира Балгабаевна
Жумасеитова Гульжазира Балгабаевна

1985жылы 21. 01 Жезқазған қаласында дүниег келген.

2002 жылы Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебін бітірген.

2003-2006 жылдары Қарағанды  Политехникалық коледжін бітірген.

2016-2019  жылдары Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің  информатика пәнінің мұғалімін алған.

2013 жылдан бастап С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды.

Еңбек өтілі - 7 жыл.

Жетістіктері:

Айжанова Бақытгүл Жұмағалиқызы
Айжанова Бақытгүл Жұмағалиқызы

1988 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы. Ескене ауылында дүниеге келген.

Ұлты: қазақ

2005жылы Талдыбұлақ орта мектебінің 11 сыныбын бітірген.

2005 жылы Абай атындағы Саран гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне түсіп, 2008 жылы тәмамдаған

2009 жылы Қарағанды қаласындағы « Болашақ» университетіне қазақ тілі мен әдебиеті  мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2012 жылы аталған оқу орнын бітірген.

Білімі: Жоғары

2009жылдан бастап Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінеде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.

Санаты: педагог –модератор

Мекен жайы:Қарағанды облысы,Жаңаарқа ауданы,Бала бақсы көшесі,24-ші үй

Жұмыс өтілі:11 жыл.9 ай

бiрiншiсi 1 2 кел. соңғысы соңғысы