с. Кенжебай Самай
5-11-07
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
Мектеп туралы қысқаша мәлімет

Кенжебай-Самай негізгі орта мектебі 

1956 жылы мемлекетке мал өнімдерімен егін жөніндегі берілген тапсырманы артығымен орындап миллионнан артық табыс тапқан «Миллионер» Жеңіс ұжымшарының алдында бөлімшелерде мектептер ашу мәселесі тұратын. Ұжымшардың мал шаруашылығы жөніндегі ең өнімді,ең табысты бөлімшесі Кенжебай-Самай болатын. Осы жылы «Шыңғысбай» мен «Қуанышбай» қыстақтарының арасынан 6 тұрғын үй және мектеп үйі салынды. 1956-1957 оқу жылы бастауыш мектеп болып ашылып, алғашқы мұғалімі Бөлекбаев Сейтқан болған. Бастауыш мектеп меңгерушісі Бөлекбаев Сейтханның денсаулығына байланысты басқа жерге қоныс аударуына байланысты Тұрабеков Рүстем,1963-1964 оқу жылынан бастап Қосыбаев Досмайыл меңгерушілік қызметін атқарды. Сегізжылдық мектеп болып ашылар алдында меңгерушілік қызметті Жалмаханов Наурызбай атқарған болатын. Осы кітапты құрастырушылардың бірі Кенжебай-Cамай сегіз жылдық мектебінің ашылуы туралы «Тамыз айының басында аудандық партия комитетінің үшінші хатшысы Жақаева Орынбасар Шубайқызы шақырып алып. 1973-1974 оқу жылында Жеңіс кеңшарындағы Кенжебай-Cамай бөлімшесінде сегіз жылдық мектеп ашылуы керек, бұл облыстық партия комитетінің ұсынысы және облыстық атқару комитетінің шешімі. Оқу білімінің меңгерушісі Әлжаппаров Ғабдулмәлік кезекті демалыста,сіз оның қызметін уақытша атқарушы және мектеп инспекторы болғандықтан тапсырыс береледі. Жеңіс кеңшарының директоры,партия ескертілді. Ертең олар сізді тосады,жағдайға байланысты жұмыс істеп ретке келтіреді деген сенімдемін. Менімен ұдайы байланыс жасап отыр, көмек көрсетуден ұжымшар басшылары бас тартайды. Бір аптада жұмыс аяқталатын болсын,-деп қысқа қайырды. Түгіскен орта мектебінен парта мен тақталар алынып, 1962 жылдан бастап космос аппараттары ұшқан кездегі солардың жерге түскен сынықтарын жинайтын әскери бөлімшелерінің жауынгерлері паналайтын ОШ-60 екі ғимарат салынғанымен онда олар тұрмаған. Осы екі  ғимаратты мектеп үйіне айналдыру қиынға соқпады. Кеңшар басшыларының барлығы сол жерде бас қосып,жөндеу жұмысын қажетті жабдықтарды толықтайтын аудан орталығынан алдырды. 30- балалық интернат қажетті заттармен толық жабдықталды.Басты мәселе мұғалімдермен толықтыру  болатын.Түгіскен мектебінің мұғалімі Үмбетов Қоғабайды аталған мектепке директорлық қызметке келісімін алып мектеп ашылған болатын.Мектеп басқарған азаматтар: 1974-2001 жылдар аралығында Үмбетов Қоғабай, 2001-2004 жылдары Байменов Садық, 2004 жылдан бастап Торғаев Сейтқазы. Мектеп ұжымына кейіннен ұжымды толықтырды. Кейіннен педогогикалық ұжым: Есмағанбетов Нәсіп, Бекова Айтжан,Әлтекова Ақшай,Айтмағанбетова Айман,Есболов,Ыдырыс,Сүлейменов,Жақсыбай,Сушина Меке,Күштібаева Зәуреш,Сатжанова Ғайни,Акеділова Аида,Нұрбекова Кәмшат,Камзабаева Лязат,Оспанова Балғын,Базаров Жеңіс,Базарова Бақытгүл,Базарова Ақмарал,Сабырбаев Сырым,Балабекова Ғалия,Дюсембина Айнаш,Жандарбекова Гүлбаршын,Қожагелдиев Бахытжан,Умиралин Ерболат,Есекенова Тынымгүл,Қадыр Эльнара,Алибекова Айнұр,Сагимбекова Назира.