«Нақты ғылымдар» апталығының екінші күні «Көңілді үзіліс» аясында математика пәнінің мұғалімі Базарбаев Б.Х. мен информатика пәнінің мұғалімі Сарманова А.Д. ұйымдастыруымен оқушыларды жылдам сөйлеп, тез шешім қабылдауға қалыптастыру мақсатында «Кім жылдам» ойыны өткізілді.