-
87103027931
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Мемлекеттiк рәмiздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында арайлы күн, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық ою-өрнек - алтын түстес. Тудың ені ұзындығының жартысына тең.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Сөзін жазғаңдар: Жұмекен Нәжімеденов Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны, 
Алтын дән даласы, 
Ерліктің дастаны, 
Еліме қарашы! 
Ежелден ер деген, 
Даңқымыз шықты ғой. 
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой! 

Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің - Қазақстаным! 

Ұрпаққа жол ашқан, 
Кең байтақ жерім бар. 
Бірлігі жарасқан, 
Тәуелсіз елім бар. 
Қарсы алған уақытты, 
Мәңгілік досындай, 
Біздің ел бақытты, 
Біздің ел осындай! 

Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің - Қазақстаным!

 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы салынған мөрге қойылатын талаптар

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы салынған мөр» ҚР СТ 1430-2005 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдары мен ұйымдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мөрлеріне қойылатын техникалық талаптарды айқындайды. Осы стандарт Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік ұйымдарында қолданылуы міндетті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы салынған мөр (бұдан әрі - Елтаңбалық мөр) мемлекеттік орган немесе ұйым басшының қолы қойылған өтініш бойынша дайындалады.
Мемлекеттік ұйым елтаңбалық мөрге тапсырыс беру кезінде өтінішпен бірге мыналарды қоса беруі керекс:
- дәл, айқын, таза және түсінікті жасалған елтаңбалық мөрдің нобайы;
- белгіленген тәртіппен куәландырылған толық атауы бар Жарғының (Ереженің) көшірмесі.
Елтаңбалық мөрдің қалыбы сыртқы айналым бойынша шағын мәтін орналасқан құрсаумен шектеседі. Шағын мәтінде елтаңбалық мөрді жасаушы кәсіпорын туралы ақпарат (жасаушының атауы, лицензияның нөмері және берілген күні, мөрді жасау жылы, айы және күні) жазылуы тиіс.
Елтаңбалық мөр қалыбының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасады. Елтаңбалық мөрдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының көрсетілген бейнесі ҚР СТ 989-2008 талаптарына сәйкес болуы қажет.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының айналасында шағын мәтін орналасады. Шағын мәтін елтаңбалық мөрге тапсырыс берушісі туралы ақпарат пен салық төлеушінің тіркеу нөмерін – СТН қамтуы тиіс.
Лицензиясы бар кәсіпорындар мемлекеттік рәміздер бейнеленген материалдық нысандарды даярлау мүмкіндігіне ие.
Павлодар облысындағы «Баспа үйі» ЖШС (Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 143, тел. 32-41-77, 32-77-09) қолда бар лицензия арқылы елтаңбалық мөр дайындайды.