Жаратылыстану ғылымы - ақыл-ойдың әуені

17 қаңтар күні “Жаратылыстану ғылымы - ақыл-ойдың әуені” атты химия, география, биология пәндері апталығының жабылуы кеші өтті. Апта бойы ашық сабақтар өткізіліп, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру мақсатында сыныптан тыс іс-шаралар мен көңілді үзілістер өтті. Жабылу салтанатында мектеп директоры Д.Д.Изтулеуов сөз сөйлеп, апталыққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттады.