Бояулар құпиясы
Республика күніне орай, Республика көлемінде балалар шығармашылығын дамытуға бағытталған „Zeyindi_bala”балалар журналы ұйымдастырған, балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық әлеуеттерін дамытуға арналған „Бояулар құпиясы” атты байқауға 3«а»; 3«ә»; 3«б» сынып оқушылары өз қабілеттерін шыңдап, ерекше өнерлерін көрсетіп, дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, „Бояулар құпиясы” конкурсына шәкірт дайындап, өнерге деген құштарлығын оятқаны үшін сынып жетекшілері Қожахметова Алтын мұғалімге „Құрмет” грамотасы беріліп, Алтыбаева Айгул, Қожаханова Гулзира мұғалімдерге Алғыс хат берілді. Мектеп кітапханашылары атынан біз сіздердің балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі еткен еңбектеріңізге алғыс білдіреміз!