№1 мектеп-лицей педагогтерімен Е. Шаханов атындағы тірек мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, координатор - тренер Г.А.Шотанова "Педагогтің зерттеу қызметі: Action research және Lesson Study тақырыбында workshop өткізді.Мақсаты сабақты зерттеу және іс-әрекетті зерттеу тәсілдерінің негізінде мұғалімдердің кәсіби білімін тереңдету және зерттеу дағдыларын дамыту, зерттеу сұрағын құрастыру, айқындау, зерделеу міндеттерін дағдыландыру . Жұмыс барысында зерттеу сұрағын құрастырып, талдау жұмыстары орындалды.Кейс тапсырмаларын мұғалімдер топта зерделеп, ойларымен бөлісті. Кері байланыс жүргізіліп, алдағы уақытта зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағыт-бағдар жасалынды. "Мұғалім бәрін өзгерте алады. Мұғалімде премьер- министрдің қолындағыдай билік бар",- деп У. Черчилль айтқандай, workshop педагогтерге тиімді болды деп тұжырымдалды.
workshop