Бракераждық комиссия
22 қараша күні, мектебіміздің бракераждық комиссия мүшелері асхананы тексерді. Тексеріс барысында азық-түлікті сақтау қоймаларының жарамдылығын, ас бөлмеде жұмыстың ұйымдастырылуын, дайын тағамға баға берді, яғни оның салмағын, түсін, иісін, дәмін, құрылымын, қаттылығын және т.б.
Пісірілген тағамның мөлшерін, балаға арналған мөлшер сәйкестігін тексерді.
Орындалған жұмыстың нәтижелері бойынша тиісті актілер жасалды.