п. Атасу, ул. Тауелсиздик, 2
2-81-14
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақта
28-12-2018 10:50

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығының 3 тармағына сәйкес жасалған «Атасу кенті әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің«Қарлығаш»балабақшасы комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымына балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар жеткізілімінің шарты.

             Атасу кенті                                                                                        «28» желтоқсан  2018 жыл

      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Атасу кенті әкімінң аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қарлығаш» балабақшасы КМҚК   атынан, басшысы Жумкина Динара Боранкуловна бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын ЖК «Асанбекова Т.С.» атынан № 0147120 сериясы 08915 Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу негізінде әрекет ететін басшысы Асанбекова Татигуль Сагитовна екінші тараптан, Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты 2018 жылғы «26» желтоқсанда  өткен тауарларды жеткізушілерді таңдау жөніндегі конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға  сәйкес Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар жеткізілімінің шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:
      1. Өнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі – Шарттың бағасы) тауарларды Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алады.
      2. Осы Шартта төменде көрсетілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:
      1) дүлей күш (форс-мажор) – төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және басқалары). Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың рынокта болмауы жатпайды;
      2) «Өнім беруші» – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), Тапсырыс берушімен жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін тұлға.
      3) «Тапсырыс беруші» – орган немесе мектепке дейінгі білім беру ұйымы немесе жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы.
      4) «Тауар» – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауар.
      5) «Шарт» – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жазбаша нысанда жазылған, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
      6) «Шарттың бағасы» Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;
      Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамаған жағдайда, егер ол дүлей күш нәтижесі болып табылса жауапкершілік артпайды.
      3. Төменде көрсетілген құжаттар мен оларда айтылған жағдайлар, осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
      1) осы Шарт;
      2) техникалық тапсырма;
      3) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
      4. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi (банктік кепілдеме, кепілдік ақшалай жарна төлеу) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларында көзделген жағдайларда енгiзеді.
      5. Өнім берушінің үшінші тұлғалардың тұтастай не Шартты қамтамасыз етуді орындау бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді пайдалануына жол берілмейді.
      6. Шарт тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және шартты орындау кезінде өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, бірақ кемінде екі рет ұзартылады.
      7. Өнім беруші жеткізуді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық тапсырмаға сәйкес тауарларды қабылдауды және төлеуді міндетіне алады.
      Ақы төлеу нысаны аударым бойынша.
      8. Төлеу мерзімі факті бойынша.
      9. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар:шот-фактура және қабылдау-беру актiсi.
      10. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген құжаттаманы немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.
      11. Өнім берушінің тауарды жеткізуді төлеуді іс жүзінде орындау бойынша осы Шарттың 8 және 9 тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізіледі.
      12. Тауарлардың құны қаңтар айында  437663,40 (төрт жүз отыз жеті мың алты жүз алпыс үш тенге 40 тиын) теңгені құрайды.
      13. Өнім берушімен тауарларды жеткізу Шартта белгіленген мерзімге сәйкес жүзеге асырылады.
      14. Өнім беруші тарапынан тауарларды жеткізуді кешіктіру Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап, тауарларды жеткізуді уақытылы орындамағаны немесе заңнамада қарастырылған басқа шаралар үшін тұрақсыздық айыбын төлеп Тапсырыс берушімен Шартты бұзуына негіз болып табылады.
      15. Егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде тауарды жеткізбесе, Тапсырыс беруші шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.
      16. Шарт талаптарын бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:
      1) егер Өнім беруші тауар бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;
      2) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса осы Шартты бұзады.
      17. Дүлей күш жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге бір жұмыс күн ішінде мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды жалғастырады және дүлей күшке байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздеуді жүргізеді.
      18. Өнім беруші, осы Шарттың 17-тармағының талаптарын орындаған жағдайда егер Шартты орындауды кешіктіру дүлей күш нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.
      19. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші төлеуге қабілетсіз болса немесе Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енсе, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, кез келген уақытта Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу залал келтірмесе немесе  іс-әрекеттерді жасауға қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе соңынан қойылатын санкцияларды қолданатын жағдайда Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.
      20. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетіледі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күні көрсетіледі.
      21. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күні іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы төленеді.
      22. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсайды.
      23. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәселені шешеді.
      24. Шарт мемлекеттік тілде жасалады.
      25. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама, кейін түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
      26. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе), бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты күшіне енеді.
      27. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.
      28. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.
      29. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
      30. Осы шарт тауарларды сатып алуды Тапсырыс беруші жүзеге асыру процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.
      Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуі тиіс.
      31. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

                                Тапсырыс беруші                                                                Коммунальное государственное казенное предприятие“Детский сад “Қарлығаш” «Аппарат акима поселка Атасу» района100500, Карагандинская область, Жанааркинский район, поселок Атасу, Проспект Тәуелсіздік, д. 2.                  

 БИН  050940005616                                                                                             ИИК  KZ306017171000000024                                                           АО «Народный банк Казахстана»                                                                           БИК  HSBKKZKX                                                                           Тел.: 8/71030/ 2-81-14

 

Заведущий __________________Жумкина Д.Б.

                              Өнім беруші                                                                                               ИП   Асанбекова Т.С.                                                               ИИН  870920450381                                                                  ИИК  KZ719261201KA951000                                          АО  «БТА Банк»                                                                             БИК  ABKZKZKX

 

 

 

 

_________________Асанбекова Т.С.