Атасу кенті, Тәуелсіздік көшесі, 2
2-81-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 251
жаман - 48
жақсы - 37
жай ғана - 34
жауап беруге қиналамын - 22
Барлығы дауыс берді: 392
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда64491
Бір айда7698
Бір аптада1334
Кеше356
Тәулік302
Басшылық
Жумкина Динара Боранкуловна
Жумкина Динара Боранкуловна

1. Тегі, аты, әкесінің аты:  Жумкина Динара Боранкуловна

2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: «Атасу кенті  әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесінің «Қарлығаш» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысы, жоғары санатты  тәрбиеші

 3. Жынысы: әйел

4. Туған жылы және туған жері: 1972 ж., Қарағанды облысы, Шет ауданы

5. Білімі:жоғары

6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ

7. Мекен-жайы: Атасу кенті  Б.Күжікенов көшесі 29- үй

8. Жалпы жұмыс өтілі:  24 жыл

 9. Саладағы жұмыс өтілі:  24 жыл

10. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі:  13 жыл

11. ҚР қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және қашан:

2008 ж. Облыстық Білім беру  Департаментінің Құрмет грамотасы.

2009 жылы- Жаңа педагогикалық технологияны ендіруге бағытталған шығармашылық еңбегі үшін  Аудандық  Білім бөлімінің Алғыс хаты

2010 жылы – «Нұр Отан» ХДП Жаңаарқа аудандық филиалының  Алғыс Хаты

2011 жылы- Аудан әкімі мен Аудандық Маслихаттың Алғыс хаты

2015ж Қазақстандық салалық білім және ғылым  қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет грамотасы

2015 жылы Ы.Алтынсарин төсбелгісі

2017 жылы  Қарағанды облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы

Жумкина Динара Боранқұлқызы 2005 жылдан бері балабақша басшысы қызметін атқарады.25 жылға жуық педагогикалық өтілі бар ұжымның бас ұстазы талантты, шығармашыл тәрбиешілердің инновациялық іс-әрекеттерін мотивациялауда үлкен шеберлік таныта біледі. Педагогтардың әдістемелік әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасайды. Балабақша бүгінгі күні толық қалыптасқан, бірлігі жарасқан ұжыммен дамудың даңғыл жолына түскен.Жаңашылдыққа жаны құмар Динара Боранқұлқызы жұмыс жоспарында тәрбиелеудегі басты бағыт ретінде –патриоттық тәрбиені алған .

Балаларды  отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында  арнайы «Мәңгілік ел-менің елім» бағдарламасы жүзеге асуда.Бақшамызда   «Өлкетану»  үйірмесі жұмыс істейді. Балалар  өздерінің туған жері  Жаңаарқа деген киелі топырақтан шыққан аты аңызға айналған билер, батырлар, әнші-жыршы , күйші , ақын-жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, спорт саңлақтары туралы алғашқы түсінік алады.

Сонымен қоса  бақшамызда тоғызқұмалақ, шахмат ойындарынан үйірме  жұмыстары жүргізіледі.Әжелерден құралған ансамбль өнері  әр мерекелік шараның шырайын кіргізеді. Динара Боранқұлқызы жетекшілігімен балабақша қызметкерлерінен құралған ұлт-аспаптық ансамбль және «Қарлығаш» атты вокалдық топ жұыс істейді.

2017-2018 оқу жылы «Қарлығаш» балабақшасы үшін өте табысты жыл болды. 2018 жылы Республикалық"Baby Talent 2018"байқауы Жарылғасын Жанұзақ Бас жүлдеге  және І Облыстық «Ханзадалар мен ханшайымдар» байқауынан  Тақаева Назгүл І орын, Жарылқасын Жанұзақ ІІІ орынға және Қарағанды қаласында өткен облыстық «Маленькая страна» байқауында Абаева Ділдә, Тақаева Назгүл,Ерболат Бағым,Біргебай Айару, Әбілғазы Алина, Берік Еркеназ  І орын иеленсе, «Expo - 2017» байқауында «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» номинациясының ІІ орын жүлдегері Абаева Ділдә дипломмен марапатталды, Сонымен қатар Қарағанды қаласында өткен  Республикалық «Шоқ жұлдыз» және «Жұлдызай»байқауларында Жарылғасын Жанұзақ  І орынға ие болды. Қарағанды қаласында өткен Республикалық «Baby talent 2018» байқауының дәстүрлі ән номинациясы бойынша Аманбаева Айым «Бас жүлде», Астана қаласында өткен Халықаралық «Ақ көгершін» байқауында Аманбаева Айым жүлделі I- орын, Жаңаарқа ауданында өткен «Ботақан» областық байқауында «Бас жүлдеге» ие болды.