Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы
Хаттама №2
«Кенжебай-Самай негізгі орта мектебі» КММ
Өткізілген уақыты: 23.12.2021жыл
Қатысқандар: мектеп директоры :С.Н.Торгаев;директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Б.Б.;Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мухамбетжанов С.Ж.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері-10 адам
Күн тәртібінде
Күн тәртібінде:
1.Әлеуметтік жағдайына қарай және үздік оқушыларға Жаңа жылдық сыйлықтардың
таратылуы туралы есеп.
2.2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығындағы қамқоршылық кеңесінің жұмысын қорытындылау.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегіорынбасары Б.Қ.Оспанова Қарағанды облысы білім басқармасының 22.12.2021.жыл №5-7.6938 хатына сәйкес Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға арналған Жаңа жылдық шыршаның тақырыбы – «Жарқыра, жайна жаңа жыл –Тәуелсіз қазақ елінде» 2021 жылы 24 желтоқсан айында өтетін онлайн шыршаға қатысатын оқушыларды анықтауды ортаға салды. Мектебімізден әлеуметтік жағдайына қарай көпбалалы отбасынан1 оқушы, үздік ,белсенді 1 оқушы қатысу керектігін айтты.Мектеп оқушылары: Алпысбек Нұрдәулет –көпбалалы отбасынан және үздік, белсенді оқушы -Қуаныш Толғанайды ұсынды.
Қайырымдылық кеңес мүшелері , ата-аналар өз пікірлерін айтып,ортаға салды.
Екінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мухамбетжанов С.Ж..
2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығындағы қамқоршылық кеңесінің жұмысын қорытындылап, таныстырып өтті. Ауылымыздағы көпбалалы отбасылары балаларына оқу-құралдарымен көмек беріліп, жалғызбасты ана Щербатюк В.Р. отбасына «Ержан» ЖШҚ иесі Ашықбаев Қ.Ш.азық-түлікпен көмек берілгенін айтты. Қамқоршылық кеңес міндетінің бірі-мектепке демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде бюджеттен тыс қаржы тарту болып табылады. Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестерінің тиімділігі-бұл бюджеттен тыс қаржыны тартудың тиімді, заңдылықты сауатты инструменті ғана емес, сонымен қатар, мектепке, педагогикалық ұжымға және оқушыларға көмек көрсетудің ең тиімді тәсілі,-деп сөзін аяқтады.
.
Шешім :
1.Жаңа жылдық онлайн шыршаға көпбалалы отбасынан Алпысбек Нұрдәулет және үздік, белсенді оқушы Қуаныш Толғанай қатыссын.
2. Қамқоршылық кенестің 2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығындағы жұмысықанағаттанарлық деп бағалансын.
1. Төрағасы : Жұмағұлов Сайлау.
Кеңес мүшелері:
2. Көпбаев Қайрат – «Мақсат » ЖШҚ иесі
3. Ашықбаев Қосан - «Ержан » ЖШҚ иесі
4. Кабаров Ибрагим – ата-ана
5. Хасенов Зейнулла - «Санжар » ЖШҚ иесі
6. Умиралин Жанболат - «Қылжыр » ЖШҚ иесі
7. Есмағанбетова Нәсіп - ардагер ұстаз
8. Мусиев Сердәлі -ата-ана
9. Бүргембаев Гайни - ата-ана
10.хатшы: Алибекова А.А.