Размер шрифта:
↑Наверх
Кенжебай Самай ауылы
5-11-07
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Қамқоршылық кеңес хаттамасы №2
27-01-2022 07:59

Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

                                                             Хаттама №2

«Кенжебай-Самай негізгі орта мектебі» КММ

Өткізілген уақыты: 23.12.2021жыл
Қатысқандар: мектеп директоры  :С.Н.Торгаев;директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Б.Б.;Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мухамбетжанов С.Ж.

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері-10 адам

 

                                                         Күн тәртібінде

 

Күн тәртібінде:

      1.Әлеуметтік жағдайына қарай және үздік оқушыларға  Жаңа жылдық сыйлықтардың   

         таратылуы туралы есеп.

2.2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығындағы қамқоршылық кеңесінің жұмысын қорытындылау.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегіорынбасары Б.Қ.Оспанова Қарағанды облысы білім басқармасының 22.12.2021.жыл №5-7.6938 хатына сәйкес Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға арналған Жаңа жылдық шыршаның  тақырыбы – «Жарқыра, жайна жаңа жыл –Тәуелсіз қазақ елінде» 2021 жылы 24 желтоқсан айында өтетін онлайн шыршаға қатысатын оқушыларды анықтауды ортаға салды. Мектебімізден әлеуметтік жағдайына қарай көпбалалы отбасынан1 оқушы, үздік ,белсенді 1 оқушы қатысу керектігін айтты.Мектеп  оқушылары: Алпысбек Нұрдәулет –көпбалалы отбасынан және үздік, белсенді оқушы -Қуаныш Толғанайды ұсынды.

Қайырымдылық кеңес мүшелері , ата-аналар өз пікірлерін айтып,ортаға салды.

Екінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мухамбетжанов С.Ж..

2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығындағы қамқоршылық кеңесінің жұмысын қорытындылап, таныстырып өтті. Ауылымыздағы көпбалалы отбасылары балаларына оқу-құралдарымен көмек беріліп, жалғызбасты ана Щербатюк В.Р. отбасына «Ержан» ЖШҚ иесі Ашықбаев Қ.Ш.азық-түлікпен көмек берілгенін айтты. Қамқоршылық кеңес міндетінің бірі-мектепке демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде бюджеттен тыс қаржы тарту болып табылады. Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестерінің тиімділігі-бұл бюджеттен тыс қаржыны тартудың тиімді, заңдылықты сауатты инструменті ғана емес, сонымен қатар, мектепке, педагогикалық ұжымға және оқушыларға көмек көрсетудің ең тиімді тәсілі,-деп сөзін аяқтады.

.

Шешім :

1.Жаңа жылдық онлайн шыршаға көпбалалы отбасынан Алпысбек Нұрдәулет және үздік, белсенді оқушы Қуаныш Толғанай қатыссын.

2. Қамқоршылық кенестің 2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығындағы  жұмысықанағаттанарлық деп бағалансын.

 

 

1. Төрағасы :    Жұмағұлов Сайлау.

 Кеңес мүшелері:

2. Көпбаев Қайрат  – «Мақсат » ЖШҚ иесі

3. Ашықбаев Қосан - «Ержан » ЖШҚ иесі

4. Кабаров Ибрагим   – ата-ана

5. Хасенов Зейнулла - «Санжар » ЖШҚ иесі

6. Умиралин Жанболат - «Қылжыр » ЖШҚ иесі

7. Есмағанбетова Нәсіп - ардагер ұстаз

8. Мусиев Сердәлі -ата-ана

 9. Бүргембаев Гайни - ата-ана

10.хатшы: Алибекова А.А.