с. Кенжебай Самай
5-11-07
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 460
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 721
Смотреть результат
Статистика посещений
Рекомендации по осуществлению мониторинга комиссиями по мониторингу качества питания (бракеражных комиссий)
09-12-2020 15:38
Рекомендации по осуществлению мониторинга комиссиями по мониторингу качества питания (бракеражных комиссий)

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу

жөніндегі комиссиялардың(бракераждық комиссиялар)

мониторингті жүзеге асыруы бойынша

ұсынымдар

 

1. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның міндеттері:

- ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуын;

- тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарын;

- өнімдерді өткізу мерзімдерін;

- тамақ дайындау сапасын;

- тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігін;

- ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылау болып табылады.

2. Комиссия адалдық, құзыреттілік, парасаттылық, ашықтық қағидаттарына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған функцияларды орындайды.

  1. Комиссия төрағасы білім беру ұйымының басшысы болып табылады.

Бракераждық комиссияның құрамы медицина қызметкерін, әкімшілік мүшелерін, өндіріс меңгерушісін, ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің өкілдерін міндетті түрде қоса отырып, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Бракераждық комиссия мүшелерінің саны кемінде 7 адамды, оның ішінде осы мектептің ата-аналар қауымдастығының ішіненкемінде 3 адамды құрауы тиіс. Комиссияның жекелеген мүшелерінің болмауы оның қызметіне кедергі болмайды.

Комиссия құрамын жыл сайын жаңарту ұсынылады.

  1. Комиссия қызметініңциклограммасы:

Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты тұлға:

         - тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.

         Комиссия күн сайын:

  • пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасына бақылауды жүзеге асырады (тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттардың көшірмелері жеке папкада сақталады);
  • мәзірдің дұрыс жасалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • тамақтану сапасының мониторингі актісін ресімдей отырып, ас блогының қызметкерлеріне және (немесе) қызметті жеткізушіге алдын ала ескертусіз тамақтану сапасын тексеруді жүзеге асырады.

         Тоқсан сайын комиссия жұмысының қорытындысы кейіннен олар білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарала және орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырыла отырып, ақпарат түрінде ресімделеді.