«Дене сергіту» челленджі өтті
Мектебімізде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен челлендж барысында 1-9 сынып оқушылары оқу-ағарту министрлігінің ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы дайындаған әдістемелік ұсынымына сәйкес жаттығулар орындады.
Челлендждің мақсаты:
- оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау.
- физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету;
- оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету;
- балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.