Манадыр станциясы
5-19-77, 5-12-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 451
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 712
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Мектеп туралы

МЕКТЕП ТАРИХЫ

       Мыңадыр ауылының тарихы өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастау алады. 1937 жылы Мыңадыр ауылына теміржол салынды. 1936 жылға дейін шағын ғана елді мекен болған Мыңадырда теміржолмен бірге мектеп, пошта, дүкен бой көтерді.  Мыңадыр атауы Асан қайғы заманынан қалды деген аңыз бар. Асан қайғы Жерұйықты іздеп келе жатқанда маңайы адырға толы жерге тоқтап: «маңайы адырға толы екен, аты «Мыңадыр» болсын» деген екен. Мыңадыр ауылына қарсы тұрған  адырға көз тігіп: «мынау бір «Қарсыадыр» екен» деп атаған екен.

        1937 жылы теміржол салынғанда алғашқы теміржолшылар болып ауылдан ағайынды  Кенжекеев Шардар мен Шорман, Еркебұланов Кенжебай, Смаилов Тұрғынбектер жұмыс атқарған.  Кейін 1976-1997 жылдар аралығында 20 жылдай теміржол мастері болып Қараша Малгерянов қызмет етеді.  Тащжанов Ахметжан ауылдың алғашқы пошташысы және пошта меңгерушісі болады.  Дәл осы жылы Ақжанов Бәтестің басшылығымен бастауыш мектеп негізінде білім ордасы ашылады.

      1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда, шағын ғана ауылдан Сағынбай Ақтаев, Ахметов Әкен, Мусин Мұхамеджан, Кенжебаев Қашқынбай, Заманов Күлмағанбет, Смаилов Тұрғынбек, Шопан Бақабеков, Әбдіғалықов Әлімжан атты ауыл азаматтары  соғысқа  аттанады. Соғыстан тек Заманов Күлмағанбет ерлікпен қаза тауып оралмайды. Сол сұрапыл соғыс аяқталғанда Тұрғынбек Смаилов майданнан медбибі қыз Беренді ауылға әкеліп, бас қосады.  Кейіннен ауылға соғыс ардагерлері   Малгерян  Әлжанов пен Бекхожин Әбікен қоныс аударып көшіп келеді.

        Кеңес үкіметі тұсында жер-жерден қосалқы шаруашылықтар ашыла бастады. 1982 жылы Мыңадыр қосалқы шаруашылығы болып ашылып, басшылыққа директор болып Жұмашев Құсайын тағайындалып, бірнеше жыл табанды еңбек етеді.  80-жылдары ауылда жаңа үйлер бой көтеріп, халқының саны арта бастады.  

       1936 жылы негізі қаланған бастауыш мектепте Мейрам Мұқажанов, Рахым Кенжекеев, Қарақат Өтебаева, Рабиға Мусиналар әр жылдары ұстаздық етеді. 1982 жылы қосалқы шаруашылық құрылып, халық санының өсуіне байланысты,  1985  жылға дейін бастауыш мектеп болып келген білім ордасы  осы жылдан бастап Атасу орталау мектебінің филиалы болып құрылды. Оған қазіргі таңда  Атасу кентіндегі №132 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Заманова Сафура Диханбайқызы басшылық етті.  Ал 1995 жылдан бастап мектеп №144 мыңадыр негізгі мектебі болып өзгертілді. Мектептің алғашқы директоры болып ауған соғысының ардагері Хайрулла Әкенұлы Ахметов (1968-2007) болды.  Хайрулла Ахметов 1992-1998 жылдар аралығында мектепке басшылық етті. 1998-1999 оқу жылында қазіргі таңда аудандық балалар интернатының директоры Жөкенов Сабыржан Сағатұлы директорлық қызметін атқарды. 1999 жылдан бастап мектепке Мұқанов Еркін Сәлкенұлы басшылық етеді. 

       Алғаш құрылған бір бөлмелі үйде өз жұмыстарын бастаған мекеме  кейін келе білім мекемесін кеңейітті. Қазіргі таңда мектебіміздің аумағы 216 шаршы метрді алып жатыр. 6 оқу кабинеті бар. Негізгі мектеп болып құрылғаннан бастап 200-ге тарта түлек түлеп  ұшты. Олардың ішінде мектепті үздік куәлікпен бітіргендер саны 10-ға жетті. Жоғары оқу орнына өз білімін дәлелдеп грантқа түскен оқушылар саны 15. қазіргі таңда мектеп түлеп ұшқан түлектер әр түрлі салада қызмет атқаруда. Сондай-ақ мектебімізде жоғары оқу орнын, колледждерді бітіріп, алтын ұя мектебіне мұғалім болып келген шәкірттеріміз бар. Әзірге ғылыммен айналысқандары жоқ. Алайда болашақта үміт күттірер шәкірттеріміз көп.  №144 Мыңадыр негізгі мектебі болып құрылған бері мектеп оқушылары әр түрлі сайыстардан жүлделі орындармен оралып жүр. Білім саласы болсын, спорт саласы болсын біздің оқушылар әр қырынан танылып жүр. Аудандық деңгейде өтіліп жүрген түрлі сайыстардан құр қол қайтқан емес.  Облыстық «Бір ел – бір кітап», «Мұқағали оқулары», «Абай оқулары» сайыстарынан да жүлделі орындар алды.

      Мыңадыр ауылында Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның 11 дүркін абсалюттік чимпионы,  Кеңес  Одағының 7 дүркін чемпионы  Шалқыбеков Жағыпар отбасын құрып, біраз жылдар осы ауылдың тұрғыны болған.  Сондай-ақ ауылымыздан Ауған жерінде болып жатқан қан майданға барып  екі азаматымыз азаматтық борышын өтеп келеді. Олар: Ахметов Хайрулла Әкенұлы (1968-2007) және қазірде Қарағанды қаласында Қазыбек би аудандық салық комитетінің бөлім бастығы Өтебаев Мергенбай Боранқұлұлы.