Размер шрифта:
↑Наверх
Манадыр станциясы
5-19-77, 5-12-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 56
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 724
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Құқық бұзушылықтың алдын алу
22-11-2021 15:45
Құқық бұзушылықтың алдын алу

       Отбасы – көзге көрінбейтін түрлі байланыстармен жалғанған өте күрделі ұжым. Қоғамдық құндылықтар жүйесінде отбасының ролі қашан да өте жоғары. Себебі, отбасы секілді тәрбиелеу, өмір сүру және бір-біріне қамқорлық жасау жүйесінің артықшылықтары дәлелдеуді қажет етпейді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу қағидаларының бірі – адамға және азаматтарға тән немесе психикалық азап тартқызуға жол бермеу.

     04.12.2009 жылы №214 «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР заңына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы — тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені. Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың алдағы уақытта сол әрекеттерді қайталап жасауына жол бермеу, оның алдын алу үшін – құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасы белгіленуі мүмкін.

          Сол себепті Манадыр негізгі орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар, зорлық- зомбылықты алдын алу мақсатында мектебімізде кездесу  өтті. Іс-шара барысында  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Х Мырзағұлов баяндама оқыды. Сондай-ақ, кездесу барысында Жаңаарқа  ауданының полиция  бөлімі, ЖПҚ УПИ полиция  аға лейтенанты  Қойлыбай Дәулеткелді  Косманавтұлы заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, түнгі сағат 22.00-ден кейін және көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті.

       Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, әлімжеттік көрсетудің, отбасында қысым көрсетудің,  қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Одан бөлек, мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Ал, кездесуге қатысқан оқушылар мен психолог қонаққа өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.