«Адалдық дүкені»
144 Манадыр негізгі орта мектебінде мамырдың 13 күні сенімділік пен шынайылықты арттыру және оқушыларға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру мақсатында мектеп асханасында «Адалдық дүкені» акциясы өтті. "Дүкеннің" басты ерекшелігі — онда сатушының болмауы және сатып алушыларға қандай да бір бақылаудың болмауы. Мұнда сатылымда шырындар, сусындар мен пісірілген өнімдер қойылады. Қажетті тауарды сатып алушы ақшасын арнайы жәшікке салып кетеді. Дүкенге қойылған тауарды сатып алу немесе тегін алып кетуді оқушылардың ар-ожданы біледі! Барлық жауапкершілік осы акция адалдығына есептелген оқушылардың өзіне жүктеледі.
Мұндай жобаның ашылуы жастарды адалдыққа, парасаттылыққа үйретеді.