Размер шрифта:
↑Наверх
Ш. Ералиев ауылдық окргі
8710592-95-16, 29-610
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Ауған соғысы: Отқа оранған 10 жыл
18-02-2022 09:55
Ауған соғысы: Отқа оранған 10 жыл
• Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толды.
10 жылға созылған соғыста Кеңес одағы 1979 жылы Ауғанстанға әскер кіргізіп, 1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскері соғыс болып жатқан жерді тастап шыққан. Одан бері қаншама жылды артқа тастағанымен, бұл жара халық жүрегінде өшпес сызат қалдырды. 
• Осы орайда О.Әлібаев атындағы ЖББ мектептің оқушылары және ауылдың кітапханашылар ұжымымен бірлескен іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның қонағы болып Ауған соғысының ардагері  Оралбай Назаров арнайы шақырылды. Ауған соғысы кезіндегі қиыншылықтарын,  бастан өткен жағдайларын баяндап берді.  Оқушылар өз сұрақтарын қойып, сұхбат жүргізді. Сонымен қатар патриоттық өлеңдер оқылып , арнайы дайындалған  бейнероликтер көрсетілді . Әрі қарай іс-шара мектебімізде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Абикенов Айдостың ұйымдастыруымен спорттық-әскери сайыспен жалғасын тапты. Спорттық - әскери сайыс 6 кезеңнен тұрды. 
1-кезең: Автоматты бөлшектеу және жинақтау (10-11 сынып)
2-кезең: Қол күрес
3-кезең: Гир тасын көтеру
4-кезең: Серіппе (отжимание) жаттығуын жасау (санау арқылы) 
5-кезең: Жалпы әскери қорғаныш толымын (ЖӘҚТ) уақытқа кию 
6-кезең: Арқан тартыс 
Осы аталған кезеңдер бойынша 9-11 сынып оқушылары қатысып, бақ сынасты. Нәтижесінде,  9 сынып оқушылары белсенді қатысқандары үшін, 10 "ә" сыныбы ІІІ орынмен, 10 "а" сыныбы ІІ орынмен және 11 сынып оқушылары І орынмен марапатталды. Іс-шараның қорытынды  сөз кезегі Оралбай Назаровқа берілді. Оқушыларға алғысын айтып, өзінің жылы лебізін білдіріп,  батыр да, саналы ұрпақ болып қалыптасуларына тілек білдірді.