"COVID-19" сақтанудың жолдары.
"COVID-19" сақтанудың жолдары.
Елімізді әбігерге салған індет әлі іргемізден кетпеді. Аты жаман ауру біздің елімізді ғана емес, әлемді алқымынан алды. "Ковид-19" дан көптеген ел жақын-жуығынан айырылды. Бірақ, соны біле тұра, сақтануға салғырттық танытып жүрміз. Бетперде тағуды үрдіске айналдыра алмай келеміз. Жалпы айтқанда, сақтық шараларын есімізден қайта шығарып барамыз. Негізі, мамандардың айтқанын заң санап, соны мақсат тұту керек. Яғни, бетперде тағып, қолымызды жиі жуып, көпшілік шоғырланған жерде қолымызды антисептикпен тазалау сияқты қарапайым қағидаларды ескерсек игі. Және қазіргі уақытта маңызды саналған вакцина қабылдауды атап айтқан жөн. Әрине, ел ішінде алыпқашпа әңгіменің бары анық. Бірақ, білікті мамандардың айтқанына құлақ асып, екпе қабылдасақ, індеттің іргесі тез сөгілерме еді. Отбасымыз үшін, Отанымыз үшін ескертпелерді ескерейік, сақтық шараларын қатаң сақтайық, Әріптестер!
Мектеп директоры Алин Досбол Галымович.