"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" қайырымдылық акциясы
Жаңа 2019-2020 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 3 шілде - 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол" дəстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын өткізу туралы жарияланды. Ағымдағы жылы Министрліктің əлеуметтік бағыттағы бастамасы "Жүректен жүрекке!" ұранымен өтеді.
Əлеуметтік бағыттағы бастама жыл сайын 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Биылғы жылы қайырымдылық шарасы 3 шілдеден басталды. "Мектепке жол" акциясын өткізу туралы жұмыс жоспарын мектеп директоры бекітті. Биылғы жылы "Мектепке жол" акциясы "Жүректен жүрекке!" ұранымен өткізілуде. Бүгінгі күнге дейін 13 балаға демеушілер тарапынан 58200 теңгенің көлемінде көмек көрсетілді.