"Химиялық элементтердің электртерістілігі"атты ашық сабақ

"Бидайық ЖББМ" КММ апталық аясында 30.01.2024ж химия пәнінен Кожахметова А.К 8 сыныпта "Химиялық элементтердің электртерістілігі"атты ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды."Авиабилет алу" арқылы топқа бөлінді, "Күннің көзін бұлттардан ашу"арқылы үй тапсырмасын тексерді, "Тарсия" әдісін бекітуде қолданды,"Смс"арқылы кері байланыс жасады.Оқушылардың сабақта белсенділігі басым болды. Мұғалім сабақта мақсатына жетті.Жұмыстың бірнеше түрі қамтылып, әр тапсырма сайын қорытынды жасалып отырды.
Мектеп әкімшілігі