1 сыныпқа тіркелу
1-ші сыныпқа өтініш беру
Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.Білім беру ұйымдары алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:- Ұсынылған құжаттардың және (немесе) деректердің (ақпараттың) сенімсіздігін анықтау;
- Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 546 бұйрығымен бекітілген, білім беру ұйымына оқуға түсудің типтік ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
- Сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы.
Сондай-ақ, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру *** арқылы жүзеге асырылады:
bcvb
Құжаттар тізімі
-
1
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет)
-
2
Фото 3х4 см
3х4 см өлшемді баланың фотосуреті
-
3
Нысан № 063/у
№ 063/у нысаны денсаулық жағдайы туралы анықтама
-
4
Нысан № 026/у-3
№ 026/у-3 нысаны денсаулық жағдайы туралы анықтама
-
5
ПМПК қорытындысы
Сонымен қатар, педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған)