Бидайық ауылдық округі
24701, 24702
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 56
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 724
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бидайық ЖББ мектебіндегі PIRLS-2021 халықаралық зерттеуі
15-10-2021 15:36
Бидайық ЖББ мектебіндегі PIRLS-2021 халықаралық зерттеуі

Бидайық ЖББ мектебіндегі PIRLS-2021 халықаралық зерттеуі

        Егеменді елдің жас ұрпақ - тарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру жағдайларды объективті түрде бақылау, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне шығарма - шылық бағытта жұмыс істейтін бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыратын міндеті тұр. Дамыта оқытудың да басты мақсаты баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық оқушылардың халықаралық «мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалау» PIRLS - зерттеуіне қатысу жоспарланған болатын.Бұл бірегей зерттеу еліміздің балалар тәрбиесінде қарапайым оқу мәдениеті мен дағдыларының қаншалықты деңгейде екенін анықтауға бағытталады. Әлемдік контексте оқу сауаттылығы заманауи қоғамдағы өмірге деген дайындықтың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.PIRLS (ағылш. Progress in International Reading Literacy Study)– Білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Қауымдастығы (ІЕА) арқылы жүзеге асырылатын халықаралық зерттеу.PIRLS түрлі елдердегі бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну деңгейі мен сапасын салыстыруға, сонымен қатар ұлттық білім беру жүйелеріндегі айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.2021 жылдың 12 қазан күні Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Бидайық жалпы білім беретін мектебінің 4 сынып оқушылары аталған PIRLS зерттеуі бойынша жоспарлы зерттеуден өтті. Зерттеуге дайындық шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың басшысы Абдикерова Бакиткул Химальдиновна Zoom платформасы арқылы жиналыстар өткізіп, бағыт-бағдар беріп отырды.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айтжанова Корлыгайн Советовна 2021-2022 оқу жылындағы PIRLS-2021 халықаралық зерттеуге дайындықтың жоспарын жасап, оқушыларға, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жоспар бойынша сабақ кестесі қойылып, сабаққа барлық оқушы тегіс қатысты. Сабақ кестесі бойынша пән мұғалімдер Асанова Карлыгаш, Жуманова Зайра Жазыбаевна, Садыкова Маржан Калдыбаевналар дайындық сабақтарын өткізіп, оқушылардың мәтінмен жұмыс жасап, әр мәтін бойынша тапсырмалар орындатты.  Мектеп психологы Уалиева Гулшара Женисовна оқушылар және ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, зерттеуге дайындық ретінде психологиялық сауалнамалар алды. Бақылау тестері де ұйымдастырылып, оқушылардың дайындықтары сарапталып, талданып отырды. Зерттеуге барлығы 15 оқушы қатысты. Қазақстан Республикасының білім мен ғылым министрлгінен, аудандық білім бөлімінен комиссия келді. Оқушылар тестілеуден өтіп өз білімдерін ортаға салса, ал ата-аналар, мұғалімдер сауалнама толтырды.  Тестілеумен қатар сауалнама жүргізілді. Оған мектеп директоры Шибутова Бакыт Ауданбаевна, сынып жетекшісі Садыкова Маржан Калдыбаевна және ата-аналар қатысты. Зерттеу барысында  санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелердің барлығы сақталды. Зерттеу оқушылардың оқу дағдысы мен олардың ары қарай білім алуының маңызды құралына айналуы тиіс.