с. Бидайык
24701, 24702
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 460
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 56
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 724
Смотреть результат
Статистика посещений
«Денің сау болса,бәрін аласың» дене шынықтыру апталығы
15-02-2021 11:07
 «Денің сау болса,бәрін аласың» дене шынықтыру  апталығы

Бидайық ЖББ мектебінде

 «Денің сау болса,бәрін аласың» дене шынықтыру  апталығын өткізудің қорытынды есебі.

Іс-шаралар мақсаты:

        Дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, дене

           шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға уәждемені қалыптастыру.

       Міндеттері:

       - сыныптан тыс жұмыстарды дайындау, ұйымдастыру және өткізу арқылы    

        мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру;

         - оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту;

          - өз денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңізге деген құрметті тәрбиелеу.

          -салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау

Безендіру: тақырыптық стендтер, көрмелер, плакаттар,спорттық жабдықтар .

Өтетін күні:15-20 ақпан 2021 жыл

                                            Апталық күнделігі

         Күні: 15.02.2021 жыл

Дене шынықтыру  апталығының ашылуы

« Салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында бастауыш 1-4 сыныптарда сынып сағаттары өтті.Гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулары 7а сыныбында пән мұғалімдері Баязитов М.А пен Ахметов Е.К ұйымдастыруымен өтсе,»Баскетбол мергені» баскетболдан 8 сыныпта  сайыс сабақ Баязитов М.А өткізді.

   Күні:16.02.2021

«Гимнастикалық  жаттығулар» жарыс сабағы 7 сыныпта пән мұғалімі Ахметов Е.К,«Кіші футбол»жарыс сабағы 4ә сыныбында Абукаримов Нұрдаулет өткізді.«Ойын әлемі» сайыс сабағын 6 сыныпта пән мұғалімі Жалмағанбетов Қ.О өткізсе, «Олимпиадалық қозғалыс,өткені мен бүгіні» стол теннисінен 5-6-7 сыныптар арасында жарыс пән мұғалімі Ахметов Е.К өткізді.

   Күні 17.02.2021 ж

«Дені сау отбасы» челлендж қашықтықтан Алдажановтар отбасымен пән мұғалімі Абукаримов Н өткізсе, «Дені сау отбасы-дені сау балалар» отбасылық-сауықтыру челленджін қашықтықтан Айтжановтар отбасы өткізді.«Оқтау тартыс» сайыс ойынын МАД тәрбиешісі Ижанова Б.А өткізді.«Тәні саудың-жаны сау» жаттығулар жасау жұмысын шағын орталық тәрбиешілері Тусупова А.К,Тусупбаева Г.А,Дулатова А.Н қашықтықтан өткізді.«Салауатты өмір салтын қалыптастыру» сынып сағатын 9 сыныпта сынып жетекшісі Сулейменова Ж.Ф өткізді.

Күні 18 .02.2021.

«Жаттығудың пайдасы» жаттығулар жасау сабағын 3 сыныпта Абукаримов Н өткізді.Пән мұғалімі Абукаримов Н ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында 3 команда «Волейолдан сайыс» өтті.«Ұлттық ойындар»интеллектуалды ойын сабағын 7 сыныпта сынып жетекшісі Сейтжан А.Ғ өткізді.«Өнегелі өмір»жобасы аясында,Кикбокстан әлем чемпионы,ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Таженов Дулат Турсынович,табысты спортшымен кездесу іс-шарасын қашықтықтан пән мұғалімі Жалмағанбетов Қ.О пен модератор 6 сынып оқушысы Таженов Ерсін өткізді.«Балалар спорт әлемінде» асық ату ойынын МАД балаларымен тәрбиеші Ижанова Б.А өткізді.

Күні 19.02.2021

    «Қысқы спорт түрлері» мұғалімдер арасында шаңғы тебу жарысын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтжанов Өмірбек мұғалім ұйымдастырды.«Эстафеталық ойындар» қозғалмалы жаттығулар сабағын 2а сынып оқушыларымен Ахметов Е.К өткізді.«Әкем,шешем және мен-біз спорттық отбасымыз»ата-аналармен спорттық ойындар Көшеновтер отбасымен МАД тәрбиешісі Ижанова Б.А қашықтықтан өткізді.«Әйгілі спортшымен сұхбат» жерлесіміз, Қазақстан барысы Асылхан  БәрменовпенZOOM арқылы тікелей эфирді 9-10-11 сынып оқушыларымен, дене шынықтыру мұғалімі Абукаримов Н пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сулейменова А.Г,модератор 9-сынып оқушысы Маратова Ұлжан ұйымдастыруымен  өткізді.

20.02.2021

Дене шынықтыру  апталығының жабылуы

     Апталықтың соңғы күні мектебіміздің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен апталыққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттау рәсімдері өткізілді.Қортындылай келе барлық сынып оқушылары апталыққа белсене қатысқанына көз жеткіздік.