Мектептегі тамақтану
Ақтау ЖОББ мектебінің 2019-2020 оқу жылында қыркүйек айында асханада 40 оқушы ыстық тамақпен қамтылған болатын, қаңтар айынан бастап 37 оқушы тамақтануда. Мектеп асханасы барлық қажетті барлық құралдармен жабдықталған. Асхана залында күнделікті қол жууға арналған сұйық сабын және бір реттік орамалдар қойылған. Оқушылардың тамақтануын қадағалау мақсатында мектепте арнайы мұғалімдер, медбике, ата-аналар комитетінің арасында кезекшілік құрылған.