Ақтау ауылдық округі
87105953028, 5-30-84
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 445
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 706
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Мектеп туралы

.1964 жылы жаңа кеңшар құрылуына байланысты Айшырақ жеті жылдық мектебі Ақтау орта мектебі болып өзгерді. 1965 жылы Ақтау орта мектебі өзінің бірінші қарлығаштарын ұшырды. Ол жылы 11- сыныпты 15 оқушы бітіріп шықты.

1965 жылдан бастап мектеп жаңа кадрлармен толықтырылды. Сол жылдары мектепке Арынбеков Әділ, Ахметова Торша, Қалдыбаев Ыбыш, Дүйсенбеков Нәби, Оспанов Амантай, Жарылғапова Рымтай сияқты ұстаздар келді.

«Ақтау жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1.     Ақпараттық анықтама

Атауы: Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің, Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің «Ақтау ЖОББ мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тұрған жері: Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтау ауылы

Алғашқы мемлекеттік тіркелген күні: 05.06.1997

Қайта тіркелген күні: 14.05.2015

Мектеп туралы мәліметтер: Мектеп тарихы 1965 жылдан басталады.

Жалпы алаңы (шаршы метр)– 3321 м2

Соның ішінде:

Барлық ғимараттардың жұмыс алаңы (шаршы метр)–2956 м2

Сынып бөлмелерінің саны (оқу кабинеттері мен зертханаларды қоса)– 22

Оқу кабинеттерінің саны– 19

Химия (жаңа үлгідегі аранайы жабдықталған)– 1

Интерактивтік жабдық (тақта)– 4

Комьпютерлер саны - 35

Мектеп директоры:Арунов Максат Ануарович

Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Дюсембекова Бакыт Набиевна

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Жамауова Айман Кадырбаевна

                                                                 Алибекова Гулнур Медетовна

2011 жылы Ақтау ауылында жаңа типтік үлгідегі ғимарат пайдалануға берілді. Типтік үлгідегі ғимарат 150 орындық оқушыға арналған. Спорт залы заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бірнеше жаңа компьютер, интерактивті тақталар келді. Бұрын бір лингафон кабинеті болса, тағы да екі лингафон кабинеті келді. 2012 жылы спутниктік интернет желісі тартылды. 2016 - 2017 оқу жылының барлық мұғалімдер саны - 26, жоғары санатты мұғалім - 2, бірінші санатты мұғалім - 10, екінші санатты мұғалім - 8, санаты жоқ мұғалімдер саны - 4. Еңбек өтілдері бойынша 1 - 3 аралығындағы мұғалімдер саны - 3, 3-8 жыл аралығында - 2 мұғалім, 9-16 жыл                 аралығында - 5 мұғалім, 17 - 20 жыл аралығында - 1 мұғалім, 20 жылдан жоғары - 14 мұғалім,  3-жас маман. Мектепте тәжірибе алаңы ретінде мектеп телестудиясы жұмыс жасап тұр. Тәжірибе алаңында түрлі мәдени өсімдіктер өсіріледі. Мектепті аббатттандыру және сәулеттендіруге көп көңіл бөлінеді.Білім беру ұйымының материалдық базасы нығайтылуда. Оған жоғарыда жүзеге асқан шаралар арқылы көруге болады. Мектептерде еңбекпен тәрбиелеу және кәсіптік бағдарлау жүйесі жойылған, мектептердегі және мектептен тыс ұйымдардағы көркем және музыкалық шығармашылық үйірмелерінің, спорт секциясына тек дзюдо жұмыс жасайды.Жаңа ғимаратты пайдалануға берілгеннен бері мектеп ұжымы өзінің креативтілігімен, уақытпен бірге алға қадам басқан жаңалықтың жаршысы болуымен алға жылжып келеді.

Ең алдымен мұражай, одан кейін телеарна, субұрқақ, сауықтыру кешені іске қосылса, «Табиғат мүйісі» кешені ашылды. Биыл «Жылыжай» оқу-өндірістік кешені ашылды.Әрине мұның бәрі негізсіз емес, еліміздің «Қазақстан-2050» стратегиясының ауқымында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәкес, мектеп базасында оқу-зертханалық кешенін жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар.

«Табиғат мүйісі» оқу –зертханалық кешені өз ауқымында үш саланы қамтиды: бірінші ашық су бассейнінде аквариумдық және жергілікті балықтарды өсіру,екінші арнайы торда тоты құс өсіру, үшінші бөлме гүлдерін өсіру және қүту шаралары.

«Барлығы бала үшін» деген ұранды ту еткен бұл кешеннің оқушымен жұмыс жасау іс-тәжірибесі үш бағытта жүргізіледі. Бірінші, оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін дамыту,экологиялық сауаттылығын жетілдіру бағытында көрме залы ретінде пайдаланады.Екінші, ҚР Білім және Ғылым министрінің  2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы бойынша бекіген оқу бағдарламасы негізінде биология пәні бойынша оқушылардыңғылыми ізденістік қаблетін арттыру мақсатында зертханалық жұмыстарын жүргізеді.Мектептің «Зерде» ғылыми қоғамы негізінде ғылыми жоба жазу мүмкіндіктері деқарастырылады. Үшінші, оқушылардың психологиялық күйзелісінің алдын-алу бағытындабос уақытын тиімді пайдалану үшін балықтар тіршілігін қадағалау, бөлме гүлдерін өсіріу, тазалық сақтау және күту жұмыстарын жүргізу санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жүргізеді.