Қызылжар станциясы
5-11-25
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
"Мәңгілік ел-мәртебелі тіл" атты апталық
27-02-2019 16:57

Қызылжар ЖОББМ КММ-де 2018-2019 оқу жылының ақпан айында "Мәңгілік ел-мәртебелі тіл" тақырыбындақазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы өтті. Апталықтың алғашқы күні "Тәуелсіздік құты-қазақ тілі"деп  аталатын баяндаманы пән мұғалімі- А.Аманжолова жасады.

Бұл баяндамада тілдің алатын орны, мәртебесі, тілге аса құрметпен қарау керектігі айқын айтылды.

Апталықтың ll күні "Латын әліпбиіне көшу-рухани жаңғырудың іргетасы" атты сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты:

Латын әліпбиін жақсы меңгеру,әліпбиді меңгерген топты анықтау.

Ал,апталықтың lll күні "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" тақырыбындағы әдеби сазды кешке ұласты.

Кеште ақиық ақын,Хан Тәңірдің Мұзбалағы-Мұқағалидың шығармалары жатқа оқылып,әндері шырқалды.

Апталықтың соңы мектебіміздегі дарынды оқушылармен дайындалған "Мен-талантпын" кешімен қорытындыланды.

Қорытынды кеште талантты оқушыларымыздың өнері қазақ тілінің, яғни, ана тіліміздің мәртебесін асқақтата түсті.