Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысына талдау 2019-2020 оқу жылы
«Қызылжар ЖББМ» КММ
Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» курсы бойынша жұмыс жүргізіліп отыр. Курс мүшелерінің құрамы 7 – 11 сынып оқушылары аралығында, саны бойынша – 118. «Адал ұрпақө клубының мақсаты, міндеті бекітілді. 7 – 11 сынып жетекшілері Л. Жақыпбекова, Г.Нұрмағамбетова, А.Аяпберегнова, А.Аманжолова, Р.Темірбаева жетекшілік етіп тағайындалды.
Клубтың міндеттері:
- Адамдардың құқықтары мен бостандықтарына байланысты, этикалық сананы қалыптастыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін дамыту;
- Еңбек сүйгіштікке, оқуға, өмірге жасампаздықпен қарауды қалыптастыру.
Мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстар. Мұғалімдердің пән бойынша бірлестіктер арасында іскерлік ойындар, баяндамалар, байқаулар ұйымдастыру.
«Адал ұрпақ» курс мүшелерінің ұйымдастырылған «Адалдық дүкен» алаңы жыл бойы жұмыс жасайды. Алаңды ұйымдастыру мақсаты: оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу; адами құндылықтарды бойына дарыту;
«Адал ұрпақ» курсының жұмысы «Адалдық жүрген жерде адамды жүреді» демекші адам бойында қалыптасқан адалдық ұғымы қашанда адамның бойында адамгершілікпен жауапкершілік қасиеттерін нығайтады. «Adaldyq alańy» өңірлік жобасы өсіп келе жатқан ұрпақ бойындағы адалдық қасиеттерін нығайта отырып , мектепке сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізетінің анық. Оқушылар дүкеннің сатушысыз екеніне қарамастан, адал бастамашылдықтарымен қызыға отырып, алған затына сай жанында тұрған қорапшаға ақшаларын салып кетеді. Мұндай әрекеттер жағымды моральдік қасиеттерін , соның ішінде парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағыттайды. Сонымен қатар өзінен кейінгілерге де, үлкендерге де өнегелі, үлгілі іс болары анық.