Даналық әліппесі" және "Абайтану әліппесі"
Қызылжар ЖББМ-де мектеп кітапханашысы Оспанова Жанар Төлеутайқызы 5-сынып оқушыларымен зияткерлік технология негізінде әзірленген "Даналық әліппесі" және "Абайтану әліппесі" кітаптарымен таныстырып, жұмыс жасауға үйретті. Бұл кітаптар оқырманның өрелерін өсіріп, шешендікке тәрбиелейтін, халқымыздың асыл мұраларын игеріп, рухани тұрғыдан байи түсуге құнды дүние. Халқымыздың жыр-дастандарын, ән-күйлері мен аңыз-әңгімелерін, шешендік сөздері мен бата-тілектерін жаңаша негізде ұсынған. Кітаптың оқырмандарымыздың текті елдің тұлғалы азаматы болып өсуіне ықпалы зор.