2019 жылдың 25 ақпан айынан бастап 28 ақпан айына дейін мектебімізде «Жылдың үздік мұғалімі -2019» байқауының І кезеңі өткізілді.
Байқауға бірінші санатты қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Акимбекова Аққу Сериковна «Қазақстан Еуразиялық кеңістіктің мәдени белгісі» тақырыбында 7 «А» сыныбында, Екінші санатты Қазақстан тарих пәнінің мұғалімі Картаева Айдана Нұрлановна «Орта ғасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері» тақырыбында 6 «Б» сыныбында, математика пәнінің мұғалімі Қуанышбекова Самал «Ұшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы » тақырыбында 7 «А» сыныбында, дене шынықтыру мұғалімі Қасым Аслан Серікұлы «Баламалы ойын жағдайларын құру» тақырыбында 7 «Б» сыныбында, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шакенова Айжан «Оқу – жан рақаты» тақырыбында 6«Б» сыныбында, шағын орталық тәрбиешісі Бүркітбаева Нүргүл тіл дамыту пәнінен шағын орталық оқушыларымен «Менің анам дәрігер» тақырыбында ашық сабақтарын өткізді. Қатысушылардың барлығы ІІ кезеңге өтті.