2019 жылдың 18-23 ақпан айында «Жаңа форматты мұғалім – шығармашыл тұлға» атты деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің апталығы өтті. Бастауыш сыныптың екінші санатты мұғалімі Ахметбекова Әсем Жұмабаевна математика пәнінен 1 «Б» сыныбына «Санды өрнектерді салыстыру» тақырыбында, жоғарғы санатты қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейфуллина Орынбасар Боранбаевна 6 «Б» сыныбына «Тортайдың арманы » атты тақырыпта, бастауыш сыныптың жоғарғы санатты мұғалімі Беспаева Айгүл Тулешовна қазақ тілі пәнінен 2 «А» сыныбына «Зат есім» тақырыбында, бірінші санатты қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Әкімбекова Аққу Сериковна 7 «А» сыныбында «Мың алғыс саған, қазақ халқы! » атты тақырыпта, бастауыш сыныптың бірінші санатты мұғалімі Иманбаева Ғазиза Амангельдиновна 3 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Негізгі және туынды етістік » тақырыбында, бастауыш сыныптың бірінші санатты мұғалімі Мейізбекова Айнұр Мергеновна 4«А» сыныбында математика пәнінен «Көбейту және бөлу» тақырыбында, ағылшын тілінің бірінші санатты мұғалімі Мауленина Жаннұр Сериковна 3 «Б» сыныбына «The seasons of the year» (Жыл мезгілдері) тақырыбында, қазақстан тарихы пәнінің бірінші санатты мұғалімі Алиакпарова Айгерім Алдашкеевна 6 «А» сыныбында «ХІІІ – ХҮ ғасырдағы мәдениет» тақырыбында, биология пәнінің бірінші санатты мұғалімі Шакенов Жанбол Төлеубаевич 8 «А» сыныбында «Есту мүшесінің құрылысы» тақырыбында ашық сабақтарын өткізді. Апталық өз дәрежесінде ұйымдастырылып, жақсы өтті.
«Жаңа форматты мұғалім – шығармашыл тұлға»