Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 56
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 724
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
2019 жылы Астана қаласында ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Назира Бердалы авторлық мектебінің «Бұл менің жүрегім!» мүшәйрасына қатысушылардың өлеңдер жинағы жарияланды.
19-02-2019 10:39
 2019 жылы Астана қаласында ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі  Назира Бердалы авторлық мектебінің «Бұл менің жүрегім!» мүшәйрасына қатысушылардың өлеңдер жинағы жарияланды.

  2019 жылы Астана қаласында ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі  Назира Бердалы авторлық мектебінің «Бұл менің жүрегім!» мүшәйрасына қатысушылардың өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Бұл жинақта қаламы төселген ақындармен қатар, көктегі жасындай жарқырап тың жырларымен танылған жас ақындардың да туындыларымен таныса алады. Жинаққа «С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ» КММ-сінің 6- сынып оқушысы  Боранбаев Фархат Мақсатұлының жас жүрегінен шыққан «Ардақты апам» атты өлеңі жарияланды.

 

                                             Ардақты апам

                                                  Ардақты апам Рзықия Кәдірсізқызына арнаймын

Жақсы көрем мен өте,

Ерекше сізге құрметім.

Ең бақытты балаң боп,

Арнайын сізге жыр бетін.

 

Аяулы апам ардақты,

Алтыңнан да салмақты.

Мейірім төгіп жүзіңнен,

Қыласың жарық жан-жақты.

 

Болсыншы ұзақ ғұмырың,

Рух беріп әркез қолдайсың,

Ер жетем мен де әкемдей,

Елінің қамын ойлайтын.

 

Бір Алладан тілерім,

Болсыншы аман отбасым.

Тек қуаныш әкелсін,

Өткінші өмір қас- қағым.

 

«Бұл менің жүрегім!» атты халықаралық мүшәйрасына қатысып, «Ардақты апам» өлеңін жариялап, қазіргі қазақ поэзиясының дамуына үлес қосқаны үшін үшін 6-сынып оқушысы Боранбаев Фархат Мақсатұлы  «НБ Авторлық мектебінің» Алғыс хатымен марапатталды. Пән мұғалімі-Сейфуллина Орынбасар Боранбаевна.