Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Matematika, fizika, informatika pa’n birlestiq’inin’ aplaly’q’y’
18-02-2019 08:57
Matematika, fizika, informatika pa’n birlestiq’inin’ aplaly’q’y’

  2019 жылдың 11-15 ақпан айында «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты математика, физика, информатика пән бірлестігінің апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, олардың танымдық ізденістерін ояту; логикалық ойлау қабілеттерін пәнге деген ынтасын, белсенділігін арттыру; білімдерін жүйелі болуын қамтамассыз ету.     Апталықта информатика пәнінің бірінші санатты мұғалімі Базылова Айгүл Дүйсенбаевна 3 «Б» сыныбында  информатика пәнінінен «Тармақты алгоритмдерді бағдарламалау» тақырыбында, математика пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі Айтбаева Айнаш Абильдаевна 8 «А» сыныбында «Ұшбұрыштың ауданы» тақырыбында, математика пәнінің бірінші санатты мұғалімі Қуанышбекова Самал Көшкеновна 7 «А»  сыныбында «Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып, алгебралық өрнектерді түрлендіру» тақырыбында, математика пәнінің екінші санатты мұғалімі Жұмажанова Айнұр Қуантаевна 5- сыныпта «Ондық бөлшектерді көбейту» тақырыбында, физика пәнінің мұғалімі Көшкінбаева Айжан 7 «А» сыныбында «Архимед күшіне сапалық және сандық есептер шығару» тақырыбында, физика пәнінің мұғалімі Кенжебаева Орал Әбілдақызы 9-сыныпта «Абсолют қара дене. Стефан Больцман формуласы» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар  математика пәнінің мұғалімі Қуанышбекова Самал Көшкеновна 5-11  сыныптар аралығында «Миф жәрмеңкесі» тақырыбында викториналық сұрақтар сайысын өткізді. Апталықтың қорытындысында оқушылар Алғыс хатпен, Мадақтамалармен марапатталды. Апталық өз дәрежесінде ұйымдастырылып,  жақсы өтті.