Размер шрифта:
↑Наверх
п. Атасу, ул. Абая, 23
5-06-67, 2-64-34
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
«Ауғанның асуында от кешкендер»
13-02-2019 16:41
 «Ауғанның асуында от кешкендер»

  2019 жылдың 13 ақпанында Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ауданбаев Аманғали мен 9–сыныптың жетекшісі Мауленина Жаннұр Сериковнаның  ұйымдастыруымен«Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбындаАуған соғысы ардагерлеріменмектебіміздекездесу өткізілдіКездесуге 6-10-сынып оқушылары, мектеп басшылары, мұғалімдер қатысты. Кездесудің мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысының болу себептерін түсіндіру; Отанын құрметтеуге, еркіндікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға үйрету; Бейбітшілік үшін күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрқашан есте сақтауға, үлгі ете білуге тәрбиелеу. Тарихымызыдың алтын көші үздіксіз жаңаланып келеді. Десек те,  ешқашан ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғаларда бар. Соның бірі және бірегейі  – әлемді дүр сілкіндірген Ауған соғысы. Ауғанстан жеріне қатерлі күн туғанда елі мен жерін қорғау үшін жүрегінде түгі бар қаншама ер азаматтар соғысқа аттанды. 1979 жылы басталған бұл соғыс 10 жылға жуық уақытқа созылды. 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылды. Бұл соғысқа 22 мың қазақстандық азаматтар қатысты, олардың 761 – і ерлікпен  қаза тапса, 21 жауынгеріміз хабар ошарсыз кетті. Содан бері 30 жыл өтіпті. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ауған соғысы туралы айтқан сөзінде: «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар. Жыл сайын ақпан айының 15 жұлдызында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың өшпес рухтарының алдында бас иеміз. Себебі бұл соғыста 18 -19 жасар өрімдей жаз жігіттер, ардақты ағалар мен арқа сүйер әкелер жазықсыздан құрбан болды. Бүгінгі  Тәуелсіз елдің ұрпақтары, өздеріндей жас жігіттердің ерліктерін біліп, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын  деген ниетпен мектебімізде кездесу өтті. Кездесуге Ауған соғысы ардагерлері: Сагиев Аманбай Муратович, Текебаев Жұмагелді Құрманбаевич, Идрисов Серғали Аманжолович, Тынысбаев Ермек Айтбаевич, Жылқыбаев Қыдырбай Құрманович және қорғаныс бөлімінің көмекшісі Ширматов Бахадүр келіп қатысты. Кеш барысында Ауған соғысы ардагерлері өз естеліктерімен бөлісіп, жастардың бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды.Ардагерлерімізге оқушыларымыз өлең шумақтарын арнап, көкейінде жүрген сауалдарына жауап алды.  Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай мектеп кіпханашысы Аубакирова Жауқазын  «Жарасы жазылмаған соғыс» тақырыбында  кітап, газет, журнал көрмесін ұйымдастырса, Жаңаарқааудандық С.Сейфуллин атындағы Тарихи – өлкетану музейінің қор сақтаушысы: Жангельдина Гүлғайша Уайсқызы мен Шубаев Ерболат Берікұлы ардагерлеріміздің марапаттары мен фотосуреттерімен көрме ұйымдастырып, кеш қонақтарымен қатысушыларына таныстырды.  Кеш соңында ардагеріміз Тынысбаев Ермек Айтбаевич  мектеп ұжымы мен оқушыларымызға ешқашан соғыс болмасын, жас сәбидің гүлі солмасын, аналар жыламасын, ерлеріміз жат жерде болмасын деп  Ақ батасын берді. Ардагерлерімізбен естелікке суретке түсіп, сол суреттер естелік ретінде ардагерлерімізге табысталды.