Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог –гуманистердің шығармаларының көрмесінің ашылуы
04-02-2019 13:02
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде  автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог –гуманистердің шығармаларының көрмесінің ашылуы

«С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ» КММ

   2019 жылдың 01-12 ақпан айы аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі басталды.  Онкүндікті мектеп психологы Шакенов Айбол Тілеубаевич пен  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Айжанова Бақыткүл Жұмағалиевна ұйымдастырды. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жоспары жасалып, жоспар бойынша іс-шаралар өткізілуде.

  01 ақпан күні  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің мектепішілік жиында салтанатты ашылуы болды. Салтанатты жиынды мектеп директоры Тургимбеков Айтқожа Жексембекович ашты.

  02 ақпан күні мектепте «Балаға жүрек жылуы» С.А.Назарбаеваға арналған тақырыптық сабақтар мен сынып сағаттары өткізілді.

  04 ақпан күні «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде  автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог –гуманистердің шығармаларының көрмесін ұйымдастырды. Көрмені аудандық  білім бөлімінің әдіскерлері Тоқбергенова Үміт Мауленовна, Конкашева Жангул Мырзахановна ашты. «С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ» КММ  өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі Айжанова Бақыткүл Жұмағалиевна көрмеге қатысқан қонақтар мен оқушыларға көрмені таныстырды.

 №132 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашысы Казниязова Рауза Қажмағанбетова мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Кошкумбаева Перизат Серікқызы, Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашысы Құдабаева Сауле Жакеновна мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Құлқаева Айнұр Ахмедиевна мектебімізге  көрмелерін алып келіп, оқушылармен таныстырып, көп мағлұмат берді. Көрменің ашылу өз дәрежесінде өткізіліп, жақсы ұйымдастырылды.